10.02.2022

БЮДЖЕТ ЖӘНЕ АУМАҚТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ – ӘЛЕУМЕТТІК ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫС БАҒЫТЫ

⚜️ Аудандық мәслихат – ауданның халқы сайлайтын, халықтың еркін, қалауын білдіретін және заңнамаға сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын өкілді орган.

⚜️ Мәслихат құрамы депутаттар мен аппарат қызметкерлерінен тұрады. Қазақстан Республикасындағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес, мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады, онда заң бойынша құзыретіне жатқызылған мәселелерге қатысты шешімдерді қабылдап, оны бекітеді. Аумақтарды дамытудың, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Сондай-ақ, мәслихат өз өкілеттігі негізінде тұрақты комиссиялар құрып, олардың төрағасы мен құрамын бекітеді. Комиссия өз кезегінде өз саласы бойынша аудандағы жүзеге асып жатқан жобалардың орындалуы мерзімі мен сапасына қатысты тексеру жұмыстарын жүргізе алады.

⚜️ Төлеби аудандық мәслихаты үш тұрақты комиссия құрды. Солардың бірі- бюджет және аумақты экономикалық – әлеуметтік дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясы. Оған Ермаханбетова Мадина Сейфуллақызы төрағалық етсе, құрамына депутаттар: Жабаев Ерболат Көшербайұлы, Хангельдиева Дина Бағланқызы, Қансейітов Қуанышбек Үсіпәліұлы, Омаров Дилмурат Арзиматұлы, Сахов Азамат Саятайұлы енді.

⚜️ Комиссияның негізгі жұмыс бағыты аудандағы бюджетке қатысты мәселелерді зерттеп, инвестиция тарту және ахуалды жетілдіру, экономикалық мүмкіндіктерді зерделейді. Ағымдағы бюджетті, аумақтың дамыту жоспарларын, әлеуметтік және экономикалық бағдарламаларын бекітер алдында талдап, талқылап, оның орындалуы туралы есептерді қарайды.

⚜️ Халықты жұмыспен қамту арқылы олардың әл-ауқатын арттыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, аймаққа инженерлік-коммуникациялық жүйелерін тартып, елді мекендерді абаттандыру мәселелеріне қатысты жергілікті атқарушы орган басшыларының есептерін тыңдайды. Көрсетілген бағыттар бойынша сессияға ұсыныс енгізеді, өз құзыретіндегі мәселелер негізінде қаулылар қабылдайды. Сондай-ақ, комиссия жұмысы бойынша жұмыс жоспарын құрып, оның орындаулы бойынша сессияларда баяндама жасап, жылдық есеп береді.

Төлеби аудандық мәслихаты аппаратының баспасөз қызметі