10.02.2022

«Төлеби ауданы бойынша 18-27 жас аралығындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» мәселесін зерделеу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.

Аудандық мәслихаттың мемлекеттік заңдылық, азаматтардың еркі мен құқығын қорғау, депутаттық өкілеттілік және депутаттың этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының І-тоқсанға арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Төлеби ауданы бойынша 18-27 жас аралығындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» мәселесін зерделеу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.

Бүгін Төлеби ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ғимаратына арнайы барып, құжаттардың реттілігімен танысып, қызметкерлермен сұхбат жүргізу барысында мекеме ғимаратының тозығы жеткенін, оған күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін анықтадық. Алдағы уақытта өтетін аталған мәселе комиссия отырысында қаралып, зерделеу қорытындысымен қаулы қабылданады.