11.05.2016

11 мамыр күні VІ - шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс үшінші сессиясы өтті.

 

         2016 жылы 11 мамыр күні сағат 12-де аудандық мәслихаттың кезектен тыс үшінші сессиясы болып өтті. Сессия  жұмысына №16 сайлау округінен сайланған депутат, қалалық аурухананың бас дәрігері  Ж.Нышанов төрағалық етіп, жүргізіп отырды.

          Мәслихаттың кезектен тыс үшінші сессиясы төмендегі мәселелерді қарап, тиісті шешімдер қабылдады.

          Атап айтқанда, аудандық мәслихаттың 2015 жылы 22 желтоқсандағы №47/231-V «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»  шешіміне өзгерістер енгізіліп, бюджеттің кірісі мен шығысы 11,0 млн теңгеге ұлғайтылды, жергілікті бюджеттің іске асырылуы жайлы бюджеттік бағдарламалары қайта бекітілді.

          2016 жылға арналған бюджет кірістерінің көлемі 11 001 436 мың теңгені құрады, оның ішінде: салықтық түсімдер – 982 810 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 11 120 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 23 000 мың теңге болды. Ал трансферттер 9 984 506 мың теңге көлемінде бекітілсе, оның 1 928 282 мың теңгесі облыстық бюджеттен түсетін түсімдер, 8 056 224 мың теңге республикалық бюджеттің қаражаты болып табылады. Бюджеттің шығыс бөлігі - 11 037 114 мың теңге болып бекітілді, қарыздарды өтеу - 3 774 мың теңге және бюджет қаражатының пайдаланатын қалдықтарының сомасы - 39 452 мың теңгені құрады.

         Екінші мәселе бойынша, аудандық мәслихаттың шешімімен бекітілген Төлеби ауданында халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудан әкімдігі жанындағы консультативтік комиссиясының құрамына өзгерістер енгізілді, яғни жұмыстан босаған С.Мәмбетқұлов комиссия хатшылығынан босатылып, орнына жұмыспен қамту мекемесінің директоры Т.Пиялиев енгізілді. 

         Сонымен бірге, «Құқықтық актілер туралы» Заңның қолданысқа енгізілуіне байланысты қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді Заң нормаларына сәйкестендіру барысында 2016 жылғы 22 қаңтардағы №48/239-V «Төлеби аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды.

         Төртінші мәселе бойынша, күнделікті мәслихат аппараты қызметін жүзеге асыру үшін басшылыққа алып жұмыс істеу мақсатында аудандық мәслихат аппаратының ережесі қайта қабылданды.