14.02.2022

ӘКІМДЕР ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУДЕ

Қазакстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы "Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" 615 Жарлығына сәйкес Төлеби ауданына қарасты ауылдық округ әкімдері халық алдында есеп беруде.

Ақпан айының екінші аптасына жоспарланған жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен депутаттар қатысуда.

Қасқасу ауылдық округінің әкімі Мейіржан Ермаханбетовтың жыл көлемінде атқарылған жұмыстар барысы жөніндегі есепті жиыны Керегетас елді мекенінде жалғасын тапты.

Баскосуға аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серикбаев , аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Хамзаұлы , Түркістан облыстық мәслихат депутаты Ғалымжан Елшібай мен аудандық мәслихат депутаты Мадина Ермаханбетова қатысуда.

Округ аумағына 4 елді мекен енеді. Салық түсімі 5 836 800 теңгені құрады. "Сыбаға", "Құлан", " Асыл асық" бағдарламасы бойынша біршама жұмыстар атқарылған. Жанұялық сүт фермалары ашылып, ауылшаруашылық мақсаттағы техникалар жаңартылуда. Жалпы, 280, 82 гектар жайылымдық жер қайтарылды. Егістік жерлер толығымен игеріліп, жаңадан суармалы жерлер қосылуда. 1 жерден 2-3 өнім алу жобасы, жылыжай, қарқынды бау, тамшылатып суғару жүйесі жүзеге асырылуда.

Жиын барысында елді мекен тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мәселелер көтеруде.

Жергілікті әкімдердің іскерлігі сына­латын есепті жиында алдағы кезеңде атқарылатын міндеттер айқындалды. Тұрғындардың талап-тілекте­рі­, арыз-шағымдары ескеріліп, жиынға қатысушылар алда қандай міндеттер, ауқымды ша­ра­лар күтіп тұр деген сауалдарға да толыққанды жауап алуда..

Төлеби аудандық мәслихат аппаратының баспасөз қызметі