15.02.2022

Алатау ауылдық округ әкімі М.Құрбаналиевтің 2021 жылғы атқарған жұмыстарының есебі және 2022 жылға қойған міндеттері туралы баяндамасы

Алатау ауылдық округі аумағында 10 елді мекен бар. Тұрғын үйлер саны – 1274. Халық саны – 9241 адам, аудан халқының 8% құрайды. Онын  3795  экономикалық белсенді халық болып саналады.

Ауылдық округіндегі іс-қағаздардың жүргізілуі

 

Ауылдық округ әкімі аппаратында  8 мемлекеттік қызметкер қызмет атқарады. 2021 жылы жоғары өкілді атқарушы органдардан ауыл әкімі аппаратына Қазақстан Республикасының «Қазақстан республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» Заңына сәйкес, жеке тұлғалардан 60, заңды тұлғалардан 1 арыз – өтініштер қабылданды.        

Ауылдық округі  әкімінде 19, ауылдық округ әкімінің орынбасарында 24 азамат әр түрлі мәселелер бойынша жеке қабылдауда болды. Арыз иелеріне уақтылы, дер кезінде жауаптар беріліп, қабылданған шешімге шағым жасау құқықтары түсіндірілді.

         Ауылдық округі әкімінің 180 шешімі, 123 өкімі қабылданды. Осы қабылданған шешімдер дер кезінде орындалып, бақылаудан алынды.  

Салық түсімдері туралы

2021 жылға 22 328 мың теңге жоспарланса, нақты орындалғаны              23 700 мың теңгені құрады. 1 372 мың теңге артығымен орындалып, жоспар 106 % пайызға артық орындалды.

Алатау ауылдық округі бойынша 2021 жылға есептелінген салық түрлерінің түсімдері бойынша: Жер салығы – 11 млн 058 мың теңге. Мүлік салығы – 1 млн 107 мың теңге. Жеке тұлғалардың көлік салығы  - 10 млн 001 мың теңге. Жеке табыс салығы – 1 млн 233 мың  теңге. Заңды тұлғалардың көлік салығы  387 мың 237 теңге.

Бюджет саласы

Ауылдық округ әкімі аппаратына бюджеттен бөлінген қаржы дұрыс  қалыптастырылып, игерілуі қамтамасыз етілді. «Ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету» 33 млн 432 мың теңге, «Абаттандыру, көгалдандыруға» 21 млн 958 мың теңге, «Санитарияға» 8 млн теңге қарастырылып игерілді. Жалпы 2021 жылға қарастырылған 74 млн 912 мың теңге қаржы толығымен дер кезінде игерілді.

Әлеуметтік сала

2021 жылы атаулы әлеуметтік көмек  тағайындауға  71 отбасыдан өтініш келіп түскен. Жергілікті комиссия қарауымен, тұрмыстық жағдайларына, табыс көздеріне байланысты  18 құжат кері қайтарылды. Қалған  53 отбасыға әлеуметтік көмек тағайындалды.

          Атаулы әлеуметтік көмек алған 53 отбасының 14 азаматы 1 қаңтардан бастап тұрақты жұмысқа орналасқан.

- Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға - 19 адам;

- Әлеуметтік жұмыс орындарына -8  адам;

- Жастар практикасына - 1 адам;

- Қоғамдық жұмысқа жыл бойы- 29 адам;

- Бос жұмыс орындарына -  11 адам;

- Жаңа жұмыс орындарына - 8 адам жолданды.

         Кәсіпкерлер есебінен округ аумағындағы барлығы 410-ға жуық  отбасыға азық-түлік, тұрмыстық заттар, мектепке керекті құрал жабдықтар және ақшалай көмектер берілді.

Төлеби ауданының әкімі Телғараев Төлеген Тұртайұлының атынан ауылдық округтегі үйде оқытылып жатқан 3 мүгедек балаға жаңа жыл мерекесіне орай  сыйлықтар табыс етілді.

Ішкі саясат саласы

Округ аумағында жалпы 7 мешіт бар. 5 мешіттің құжаттары толық рәсімделген, ал 2 мешіттің құжаты рәсімделуде. Қосағаш елді мекенінен жеке кәсіпкердің қаржысы есебінен жаңа мешіттің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Және Шұбарағаш, Жаңатұрмыс және Қорған елді мекендеріне жеке кәсіпкерлердің қаржысы есебінен 3 мешіттің құрылыстары  жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығы саласы

Ауылдық округте әлеуметтік-экономикалық дамуының бірден бір көрсеткіші бұл ауыл шаруашылық саласындағы жасалынып жатқан жұмыстар.

Ауылдық округте әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында 30 көрсеткіштен тұратын міндеттемелер бар. 29 көрсеткіш міндеттемелері толық орындалып, 1 көрсеткіш орындалмады. Орындалмаған көрсеткіш 0,01 га жылыжай салу

  • Округтің жер көлемі – 14212 га
  • Егістік көлемі – 5048 га
  • Суғармалы жерлер – 898 га
  • Бау – 456 га
  • Шабындық жерлер – 25 га
  • Жайылым жерлер – 5262 га (2882)

Алатау елді мекенінің тұрғыны Әбдірахман Сұлтанқұлов үйіргелік жерін тиімді пайдалану мақсатында кіші құс фермасын салып, тауық өсіріп отыр.

Қосағаш елді мекенінің тұрғыны Темірбекова Алима үйіргелік жерін тиімді пайдалану мақсатында балық шаруашылығымен айналысуда.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Сағын» ШҚ Туктибаев Сағынғали 50 бас М.І.Қ сатып алынып, жылдық жоспар 200 пайызға орындалды.

«Алтын асық» бағдарламасы  бойынша жеке кәсіпкер Айдар Нұртас тарапынан 100 бас ұсақ мал сатып алынып, жылдық жоспар 100 пайызға орындалды.

«Құлан» бағдарламасы  бойынша жеке кәсіпкер Сейтқұлов Досжан тарапынан 10 бас жылқы сатып алынып, жылдық жоспар 100 пайызға орындалды.

Ауылдық округте 10-15 басқа арналған 40 шағын мал бордақылау алаңдары, 5-10 бастық 2 шағын жанұялық сүт фермалары, 1 шағын құс фермасы ашылып межелер толығымен орындалды.

Ветеринария саласында «Қырым қанды қызбасына» қарсы тұрғындардың 7097 бас мүйізді ірі қара малдарына бүрку, 15916 бас уақ малдар тоғытылды. 62800 м2  мал иірілімдері мен 38726 м2 мал жүретін жолдар,  27963 м2 қора қопсылар өңделді. 4000 бас уақ малдарға, 1600  бас М.І.Қ сырға салу көзделген болса, бүгінгі күнге 100% орындалды. Сырға салынған жануарлар ИСЖ дерекқорына енгізілді. 700 бас жылқының биылғы төліне  паспорт берілді. Жыл басынан бері  311 бас қанғыбас иттердің және 4 бас мысықтардың көзі жойылды. 

Ауылдық округте 2 қолдан ұрықтандыру бекеті және қой тоғытатын арнайы орын (купка) жұмыс жасауда.

Жер қатынастары

Округ аумағында 22 мазарат бар. 3 мазаратқа мемлекеттік акт алынған, қалған 19 мазараттың тиісті құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Киелі жерлер саны 7-і, құжаттары бар киелі жерлер саны -5, ал қалған 2 киелі жердің тиісті құжаттары рәсімделуде. 

Заңсыз салынған 23 құрылыс иелеріне заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде  19 нысанның құжаттары рәсімделді, қалған 4 нысанның тиісті құжаттары рәсімделу үстінде.

Кәсіпкерлік саласы

Ауылдық округте кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында 9 көрсеткіштен тұратын міндеттемелер бар. 9 көрсеткіш міндеттемелері толық орындалды

Көрсеткіш атауы

Жоспар

2022жыл

орындалуы

Орындалу пайызы

1

Өнеркәсіп өндірілетін өнім көлемі  /млн.тг

100

100

100,0

2

2021 жылға жеке қаражат есебінен тартылатын инвестиция көлемі /млн теңге/

900

900

100,0

3

"Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасына ұсынылатын жобалар саны

1

1

100,0

4

ҮИИД бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы іске асыруға жататын жобалар

0

0

0

5

ҮИИД бағдарламасына ұсынылатын жобалар саны

1

1

100,0

6

ҮИИД бағдарламасына енбеген, жоба құны 50,0 млн теңгеден асатын жобалар

2

2

100,0

7

Сервистік қолдау көрсетуге тартылатын кәсіпкерлер саны

2

2

100,0

8

"Оңтүстік "АИО" -"ЫРЫС" микроқаржы ұйымы" ЖШС-нан кәсіпкерлірге қаржы алуын қамтамасыз ету  / млн.тг/

20

20

100,0

9

Көрме, жәрмеңке, облыстық және аудындық іс-шараларға қатысу

10

10

100,0

10

Қарапайым заттар экономикасы

2

2

100

Білім беру саласы

Бәсекеге қабілетті жас ұрпақты қалыптастырудың негізі мектепте қаланады. Алға қарай қадам басудың бүкіл жүйелі тетігі білім беру ісімен сабақтастық табатыны белгілі.

Ауылдық округ аумағында 4 – орта, 1 – негізгі, 2 – бастауыш мектеп орналасқан. Мектептерде 1635 оқушыға 285 ұстаз дәріс беруде.

Шатыртөбе, Шұбарағаш, Қорған және Жаңатұрмыс елді мекендерінің балалалары мектепке және үйлеріне қайта арнайы көлікпен тасымалданады.

2 мемлекеттік, 2 жеке меншік балабақшаларда 450 –гек жуық бала тәрбиеленуде. Балаларды мектепке дейінгі қамту көрсеткіші 100 пайызды құрап отыр.

200 орындық Қайнар орта мектебінің жаңа ғимаратының құрылыс жұмыстары аяқталу үстінде.

Денсаулық сақтау саласы

         Ауылдық округ аумағында 1 – дәрігерлік емхана, 2 - ФАП, 5 медициналық пункт халыққа қызмет көрсетеді. Екпінді ауылында жаңа типтегі фельдшерлік акушерлік пункттің жаңа ғимаратының құрылысы аяқталды.

          Қосағаш, Шатыртөбе және Шұбарағаш елді мекендеріне жаңа медициналық пунктердің құрылысы үшін ауыл әкімінің шешімімен жер телімдері берілді. Аталған елді мекендерде 2022 жылы құрылыс жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда. 

          Ауылдық округ аумағында 6 жоғарғы білімді дәрігер, 29 орта білімді медицина мамандары қызмет атқарады.

Мәдениет және спорт саласы

Мәдениет саласында округімізде 1 ауылдық клуб, 3 кітапхана жұмыс істейді. Кітапханалар жыл сайын жаңа әдеби, танымдық кітаптармен толығып отыр.Кітапханаларда кітап бұрыштары  мен кітап сөрелері  жоспарға сәйкес тұрақты ұйымдастырылады. 

Округте 43 мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.

         Ауылдық округ бойынша 3 спорт зал, 10 спорт алаңшалары бар. Сонымен қатар, 2021 жылы 1 «street workout» спорт құрылғылары орнатылды. Білім ошақтарында волейбол, еркін күрес, баскетбол, стол теннисі секциялары тұрақты жұмыс жасайды.

 

Әскери қызмет және қоғамдық тәртіп

 

Округ бойынша әскери міндеттілердің жалпы саны – 868 адам. Оның ішінде 18 офицер, қалғаны сержант, матрос, солдаттар.

2021 жылы әскерге шақыртылуға тиісті 242 әскер жасындағы азаматтардың ішінде іріктеліп алынғаны 75. Медициналық сараптамадан өткені 75. Олардың жалпы әскери борышын өтеуге жіберілгені 18 азамат.

Қылмыспен күресіп, қоғамдық тәртіпті қадағалауға ауылдық округте    4 учаскелік полиция инспекторлары жұмыс атқарады. Учаскелік полиция қызметкерлері үшін жаңа модульдік полиция бекеті пайдалануға берілді. Округ аумағында 2021 жылы жасөспірімдер  арасында құқық бұзушылық орын алмады. Округі бойынша мал ұрлығы болмады.

Автомобиль жолдары және коммуникация

Облыстық маңызы бар жол

Аудандық маңызы бар жол

 

Округ аумағындағы көшелер саны

Асфальт жабындысы бар көшелер

Орта жөндеуден өткізілуі қажет ететіні

48,4 шқ

17,2 шқ

65

56

9

 

2021 жылы Алатау ауылдық округіндегі  асфальттанған көшелер тізімі

 

Елді мекен атауы

Көше атауы

Ұзындығы, км

ЖСҚ құны (мың теңге)

1

Екпінді  е/м

Теректі

0,320

5567,64

2

Екпінді е/м

С.Тәжібаева

0,420

5631,27

3

Біркөлік е/м

   Қазақстан

1,150

21040,732

4

Қайнар е/м

Д.Қонаев

1,090

15557,317

5

Қайнар е/м

Самал

1,190

16926,403

6

Нысанбек е/м

Таусамалы

2,020

30510,042

7

Нысанбек- Жаңатұрмыс

КХТЛ-18  Нысанбек-Жаңатұрмыс аудандық маңызы бар жол. ( Жаяу жүргіншілер жолымен қоса салынды)

3,9

107918,812

 

Абаттандыру және тазалық

2021 жылы округ аумағындағы үлкен жол бойларына жалпы ұзындығы 5,85 шқ болатын түнгі жарық бағаналары орнатылды.

Олар: 1). Нысанбек е/м  Үшсала көшесіне 1,250 шқ.

2). Екпінді  елді мекеніндегі Ленгір тас жолы көшесіне - 1,4 шқ.

3). Шұбарағаш  е/м  Көктерек көшесіне – 3 шқ.

Қайнар елді мекеніндегі Мектеп көшесінің бойына 0,430 шқ суағар (лоток) орнату жұмыстары атқарылды.

Алатау елді мекенінде орналасқан Б.Момышұлы көшесінің бойына заманауи балалар ойын алаңшасы құрылып пайдалануға берілді. Тапсырыс беруші: “Алатау ауылдық округі әкімі аппараты” ММ-і. Мердігер мекеме – “Step Park KZ” ЖШС-і. Жобаның жалпы құны - 1086,0 мың теңге.

Алатау ауылдық округінің Ленгер бағытындағы үлкен жол бойына және қарау алаңшасы мен сквер парктер аумағына 1700  түп көшеттер егілді.

Ауылдық округі бойынша елді мекендер бойынша 38,7 шақырым ішкі арықтар тазаланды.

 

Елді мекендерге кіре берісіне орналасқан қақпалар(арка)

1) Шұбарағаш елді мекенінің 3 шақырымды құрайтын орталық Көктерек көшесіне түнгі жарық бағаналарымен қоса ауылдың кіреберісіне “SHUBARAGASH   AUYLY” деген атау жазылған   қақпа (арка) орнатылды. Ауыл жастарының ұйымдастыруымен атқарылған жұмысқа жұмсалған қаржы көлемі 11 млн 500 мың теңге.

2) Алатау елді мекенінің кіреберісіне “ALATAU AUYLY” деп атау жазылған   қақпа (арка) орнатылды. Ауыл жастарының  есебінен атқарылған жұмысқа жұмсалған қаржы көлемі 2,5 млн теңге.

3) Қайнар  елді мекенінің кіреберісіне “QAINAR AUYLY” деп атауы  жазылған   қақпа (арка) орнатылды. Мектеп бітіруші түлектер есебінен атқарылған жұмысқа жұмсалған қаржы көлемі 3 млн теңге жұмсалған.

4) Нысанбек елді мекенінің кіреберісіне ауыл жастарының ұйымдастыруымен қақпа (арка) орнатылды.

Округте сыртқы қасбеттерін әрлеуді қажет ететін нысандар бойынша аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан жыл басынан бері 20 нысан  анықтаған болатын. Анықталған нысандар толық әрленіп, ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.

 

Электрлендіру

1). Республикалық бюджет есебінен 2020 жылы ауылдық округте орналасқан 7 елді мекеннің 18 көшесінде (жаңа массив) электр бағаналары мен желілерін жүргізу және транформаторлар орнату жұмыстары басталған болатын. Алайда 2021 жылы белгілі себептерге байланысты жұмыстар толық аяқталмады, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2022 жылға өтпелі болып отыр.

2). Алатау және Қайнар елді мекендер аралығындағы  жаңа массивке электр бағаналары мен желілерінің құрылысы жүргізілді. Мердігер мекеме – “Қуат Құрылыс” KZ ЖШС-і. Жобаның жалпы құны – 75 млн 708 мың теңге.

3). Шатыртөбе елді мекенінде “Оңтүстік Жарық Транзит”  ЖШС-нің Төлеби  аудандық  электр желілері бөлімі “ИНВЕСТ” бағдарламасы бойынша ұзындығы 3,24 шқ электр желілері мен бағаналарын ауыстырды. 

4). Алатау елді мекенінде “Оңтүстік Жарық Транзит” ЖШС-нің Төлеби  аудандық электр желілері бөлімі “ИНВЕСТ” бағдарламасы аясында жоғары кернеулі 9 электр бағананы ауыстырды.

 

Ауыз су және газ саласы

Ауылдық округтегі 10 елді мекеннің  тұрғындары орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген.

Округ бойынша ауыз су жүйелерінің жалпы ұзындығы  112,8 шқ (тозуы 49,5 шқ, немесе 44,0  пайыз).

1. Алатау және Қайнар елді мекендері аралығындағы жаңа массивке ауыз су құбырынын құрылысы жүргізілді. Құрылыс жұмыстарына 68 645 743,04 теңге республикалық бюджеттен бөлініп атқарылды.

2. Екпінді е/м Игілік көшесі ұзындығы 0,5 шқ (ЖСҚ құны 2 447,02 мың тг) ауыз-су құрылысы жүргізілді.

3) Нысанбек елді мекенінде ауыз су құбырының құрылысы мен су жинақтаушы резервуарының құрылысы жүргізілуде. Нысанның құрылыс жұмыстары 2022 жылға өтпелі, қарастырылған қаржы көлемі 258 096,1 мың теңге.

4) Қайнар, Шатыртөбе елді мекендеріне таудан келетін ауыз судың бұлақ басын қоршау, каптаждау жұмыстарына аудандық бюджеттен 2 500 мың теңге қаржы бөлініп, атқарылды.

5) Екпінді және Қорған елді мекендеріне бұлақ басынан бастап жаңадан ауыз су құбырларын тарту жұмыстары атқарылды. Аудандық бюджеттен қарастырылған қаржы көлемі 89 340 555,36 теңге. Нысан 2022 жылға өтпелі.

Округке қарасты 10 елді мекен табиғи газбен толық қамтылған.

 

Көктем айларында жол бойындағы қарағаштарды бұтау, әктеу жұмыстары

Көктем айларында округтің бюджет есебінен 2,5 тонна әк алынып Нысанбек, Екпінді-Қосағаш, Ленгір-Алатау бағытындағы жол бойларындағы ұзындығы 4,9 шақырым болатын 3970 түп қарағаш талдарын бұтау, әктеу жұмыстары тиянақты жүргізілді.

 

Ағаш егу жұмыстары

2021 жылдың мамыр айында кіреберіс қақпаның жанындағы Қарау алаңшасына 102 түп можжевельник шыршасы мен 40 түп тұт көшеттері және Екпінді елді мекеніндегі Скверге 30 түп сәндік ағаш көшеттері, учаскелік полиция бекетіне 20 түп әртүрлі көшеттер отырғызылды.

Екпінді, Жаңатұрмыс және Ленгер-Алатау бағытындағы жол бойына қарағаш көшеттерін егі жұмыстары

Екпінді, Жаңатұрмыс және Ленгір-Алатау бағытындағы жол бойларына 1700 түп қарағаш көшеттері алынып егілді, осы көшеттерді күтіп ұстау, суғару жұмыстарымен ауданық жұмыспен қамту орталығынан жолдамамен келген жұмысшылар тұрақты айналысады.

Егілген көшеттерді қолмен суғару жұмыстары

Алатау ауылдық округіне кіреберіс қақпаның жанынан табиғатты тамашалауға арналған қарау алаңшасы су көзерінен алшақ, биікте орналасқандықтан егілген көшеттерді арнайы техникамен су тасымалдап күнделікті суғару жұмыстары тұрақты жүргізілді. Өнімділігі 90 %.

Электр бағаналарын әрлеу жұмыстары

Көктем айларында Алатау ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлерімен Ленгір-Алатау жолы бағытындағы жоғары кернеулі            16 дана электр бағаналары мен 23 дана түнгі жарық шамдары көктемгі табиғат көрінісімен үйлесетіндей әртүрлі түске боялды.

Сенбілік жұмыстары

Жыл басынан бері округ аумағында жалпы  37 рет сенбілік жұмыстары өтіп, 174 тоннадан астам қоқыс шығарылды. «Табиғатты аялайық» акциясы аясында еріктілерімен 2 рет, аудандық жастар орталығының қызметкерлерімен 1 рет Біркөлік-Ақмешіт шатқалдарында ауқымды сенбіліктер болып өтті.

.

2022 ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫСТАР:

1. Алатау ауылдық округіне қарасты Қайнар елді мекеніндегі 200 орындық мектептің құрылысын толық аяқтап, пайдалануға беру.

2. Алатау ауылдық округі әкімі аппаратының жаңа ғимаратының құрылысын бастау.

3. Нысанбек елді мекенінде ауыз су құбырының құрылысы мен су жинақтаушы резервуарының құрылысын жұмыстарын аяқтау (ЖСҚ құны 258 096,1 мың тг).

4. Нысанбек елді мекені Ұлытау көшесі, Жаңатұрмыс елді мекені П.Нұранқұлов және Жалғыз ағаш көшелеріне, Қайнар елді мекені М.Әуезов, Алатау елді мекені Абай және Наурыз, Б.Момышұлы көшелері, Екпінді елді мекені Таразы көшелерінің трансформаторларын ауыстыру және мен электр бағаналарын жаңалау жұмыстарын ұйымдастыру.

5 Кәсіпкерлер есебінен Шатыртөбе, Қорған елді мекендерінің кіреберісіне елді мекен атауы жазылған арка орнату жұмыстарын ұйымдастыру.

6. Алатау елді мекеніндегі ұзындығы 1,3 шқ Абай көшесіне жаяу жүргіншілерге аяқ жол (тратуар) салу үшін жоба сметалық құжаттамалары дайындалып (ЖСҚ құны 15 562,19 мың тг) тиісті мекемеге өткізілді.

Орта жөндеуден өткізілетін көшелер (асфальттанатын)

1. Нысанбек елді мекенінде орналасқан Ордахан көшесін  ұзындығы             1,1 шқ. ( ЖСҚ құны 22 927,96 мың тн).

2. Қосағаш елді мекенінде ораналасқан С.Әбдікерімұлы көшесі  ұзындығы 0,7 шқ . (ЖСҚ құны 11 823,14 мың тн).

3. Біркөлік елді мекенде орналасқан “БӘЙШЕШЕК” спорттық  лагеріне барар жол, ұзындығы  0,875 шқ (құны 15366,11 мың тн).

4. Қосағаш  елді мекенінде орналасқан  С.Әбдікерімұлы көшесіне (жаңа массив)  ұзындығы 1,5 шқ  (ЖСҚ құны 3 329,391 мың тн) топырақ жолына тас төсеу.

 

Түнгі жарық бағаналарын орнату

1. КХТЛ-18  Нысанбек- Жаңатұрмыс елді мекендері  арлығындағы аудандық маңызы бар жол  ұзындығы -1,7 шқ. (ЖСҚ құны 9 192,62 мың тн).

2. Алатау елді мекеніндегі  Б. Момышұлы көшесіне  ұзындығы - 1,3шқ (ЖСҚ құны 7 213,32 мың тн),

3. Алатау елді мекеніндегі Абай көшесіне ұзындығы - 1,3 шқ (ЖСҚ құны 7 213,32 мың тн).

Электр бағаналарын ауыстыру

1. Жаңатұрмыс елді мекеніндегі 4 шақырымға жуық ескірген электр бағаналары мен трансформаторы ауысады.

“Ауыл- Ел бесігі” бағдарламасына ұсынылған жобалар

Республикалық “Ауыл- Ел бесігі” бағдарламасы аясында:

1. Қайнар елді мекені  Б.Ахметов көшесіне ұзындығы 1,3 шқ  түнгі жарық бағаналарын орнату (ЖСҚ құны 6 356,86 мың тн).

2. Алатау  елді мекені Ғ.Мұратбаев көшесіне  ұзындығы 0,92 шқ түнгі жарық бағаналарын орнату, (ЖСҚ құны 5 428,94 мың тн)

3. Біркөлік елді мекенінде орналасқан  М.Мақатаев көшесін  ұзындығы 1,4 шқ (ЖСҚ құны 29 977,74 мың тг), Боралдай көшесін ұзындығы 0,7 шқ (ЖСҚ құны 13 243,51 мың тн), және Л.Хамиди көшесіне ұзындығы 4,1 шқ  (ЖСҚ құны 58 132,03 мың тн) орта жөндеуден өткізу.

4. Екпінді елді мекенінде орналасқан  Б.Саттарханов  көшесі  ұзындығы – 1,020 шқ, Ақтоғай көшесі ұзындығы - 0,365 шқ, Шалқар көшелерін ұзындығы - 0,815 шқ  (ЖСҚ құны 44319,74 мың тн) орта жөндеуден өткізу.

5. Алатау елді мекенінде  орналасқан  ұзындығы 1,3 шқ Абай көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу (ЖСҚ құны 15562,19 мың тн)

6. Қосағаш, Алатау, Қайнар елді мекендеріне жаяу жүргіншілерге арналған орындық пен қоқыс тастайтын жәшік орнатылатын болады

7. Ескіркен алма бауларды жаңарту, суғармалы жерлердің көлемін ұлғайту және үй іргелік жерлерді тиімді пайдалану, ауыспалы егістік жүйесін енгізу және жылына үш өнім алу бойынша 10 жобаны жүзеге асыру жұмыстары атқарылатын болады

8. Абаттандыру және көгалдандыру тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіледі

9. Тұрғындардың талап-тілектері мен аудан әкімінің аппараты және құзырлы мекмелер тарапынан заң шеңберінде міндеттелген жұмыстар тұрақты әрі дер кезінде орындалатын болады.