15.02.2022

Жоғарғы Ақсу ауылдық округ әкімі аппаратының 2021 жылғы атқарған жұмыстарының есебі

ОКРУГ ХАЛҚЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҮШІН ЖЕР ТЕЛІМДЕРІН БӨЛУДІ СҰРАНДЫ

 Жоғарғы Ақсу ауылдық округінің әкімі Абдықадыр Сиқымбаев Ермекұлының 2021 жылы атқарған жұмыстары бойынша есепті жиыны Сарқырама ауылдық Мәдениет үйінде және Мәдени ауылдық клубында өтті.

???? Басқосуға аудандық мәслихатқа «Ақ жол» демократиялық партиясынан сайланған депутат Азамат Сахов Саятайұлы, аудан әкімі аппаратының әкімшілік және құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Дүйсенбеков Алмас Спабекұлы қатысты.

???? Кездесу жиынында округ халқы алдында ауылдық округ әкімі А.Сиқымбаев 2021 жылы атқарған жұмыстары жөнінде баяндама жасады. Сонымен қатар, 2022 жылға жоспарлаған міндеттеріне тоқталды.

???? Өз кезегінде ауыл тұрғындары көкейінде жүрген сұрақтары мен ұсыныс-пікірлерін жеткізіп, тиісті жауаптар алды. Ауылдық округ тұрғындары тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімдерін бөлуге өтініш айтып, аумақтағы карьер жұмысына қатысты наразылықтарын білдіріп, оның заңдылығын аңыктауды сұранды. Мәдени елді мекен тұрғындары ФАП жұмысын оңтайландыруды, қоғамдық көліктердің маршрутын түзіп, оны қосуды, ағын суды жеткізуге көмек сұрады.

???? Сондай-ақ, Азамат Саятайұлы округ тұрғындары тарапынан туындаған сұрақтар бойынша ауыл тұрғындарының талап-тілектеріне сай жүйелі түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

®️ Төлеби аудандық мәслихат аппаратының баспасөз қызметі

 

Жоғарғы Ақсу ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық

төлқұжаты

Елді мекендер саны                                       2

Халық саны                                                    2705

Ауылдық округтің орталығы                     Мәдени елді мекені

Қашықтық округ орталығынан: км                     

Облыс орталығына дейін                            50

Аудан оталығына дейін                               45

Темір жолға дейін                                        45

Ең жақын қалаға дейін                                45

Экономика

Мал басының саны оның ішінде (ірі қара мал-2293, жылқы -659, қой мен ешкі-5447, құс -5089)

Шаруашылық нысандары    ӨК-1 дана, ЖШС-2 дана, АӨК-2,  жай шаруақожалықтар-181,

Тіркелген ауыл шаруашылық техника оның ішінде (комбайндар-15, тракторлар-24)

Халыққа қызмет көрсету нысандары: барлығы-10, оның ішінде (дүкендер-5, асхана-1, мейрамхана -1, шаштараз-1)

Жер ресурстары:

Ауылдық округтің жалпы жер көлемі -6663,9 га, оның ішінде; елді мекендердің жер көлемі – 123,4 га,

Ауыл шаруашылығының пайдаланудағы жерлер – 4438 га, бау – 146,5 га, жүзім – 121 га,  жайылым-1170 га, шабындық – 420 га. өзге де жерлер – 245,1 га.

Ауыл округіндегі ірі шаруашылықтар:

«Атамекен НАН» ЖШС-і, «Ақсай» ӨК, «Бидайшы Бастау» АӨК (МТС), «Ақсу Ақарна»АӨК. «Нұрбай» АӨК-і

Денсаулық сақтау мекемелері:

Барлық денсаулық сақтау мекемелері -2 оның ішінде; ДА-1;ФАП-1 дана, барлығы 11 персенал 

Байланыс жүйесімен қамтылғаны -2,  Санитарлық автотранспортпен қамтылғаны – 1:

Штаттық кесте бойынша барлық қызметкер – 6  

Білім беру

Білім беру нысандары:  жалпы орта мектеп – 2, Балабақша -2

Ауыз су

 Ауыз суды ауылдық округ бойынша тұрғындар ашық су көзі «Ақсу» өзенінен пайдаланады.

Ауыл жолдары

Аудан орталығымен байланыстыратын жолдың ұзындығы – 45 км, асфальтталған, қанағаттанарлық

Байланыс:  Пошта байланыс мекемесі жоқ.

Электр жүйелерімен қамтылуы

Орталықтандырылған елді мекен КТП, ТП

Газбен қамтылу : Табиғи газбен қамтылған елді мекендер-2   

Мәдениет

Сарқырама ауылдық мәдениет үйі,  Мәдени ауылдық клубы.

Дене шынықтыру

Спорт алаңдарының жалпы ауданы – 4050 шм,  спорт зал-2

Қоғамдық тәртіп

Учаскелік полицейлердің  қоғамдық трек пункттары әкімшілікте. Инспектор саны – 1

Жұмыспен қамту және еңбек ресурстары

Халық саны 2705; оның ішінде экономикалық белсенділері – 992, еңбек ететіндері – 710, жұмыссыздар% -0,3%;  балалар жәрдем ақысын алатын отбасылар саны -2 азамат.

 

 

 

 

 

 

 

                                  Ауыл шаруашылығы саласы бойынша.

      Үш жақты келісім шарттағы тапсырмалар толығымен орындалды. Ауыл шаруашылық техникаларын алу – 5 бірлік, «Сыбаға» бағдарламасының орындалуы – 2 бас бұқа, «Құлан» бағдарламасы – 1 бас айғыр. Егістік жерді игеру толығымен орындалды, 1200 га бидай егіліп орта есеппен 18 центнерден өнім алынды. 910 га мақсары егіліп орта есеппен 8 центнерден өнім алынды. Жаңадан суармалы жер көлемін ұлғайту 10 га, тамшылатып суару әдісін енгізу 20 га, 6 мал бордақылау алаңшалары ашылып, 2 жанұялық шағын сүт фермалары ашылды. Жылыжай шаруашылығы 0,2 га,. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялар 250.0 млн теңгені құрады.                                 

          

                                                Ветеринария саласы

Сарып ауруын алдын алу  іс –шарасы бойынша

Қырым қанды кенеге қарсы іс-шарасы бойынша

Құтыру ауруын алдын алу іс-шарасы бойынша

2021 жылы  ауылшаруашылық малдардан 8 бас МІҚ, малы сарып (бруцелез) ауруына оң нәтиже беріп осы малдар санитарлық союға жіберілді.

2293 бас МІҚ және 5706 бас уақ малдар қырым қанды кенеге қарсы  бүркілді және тоғытылды.

2021жылы құтыру ауруына қарсы округте 139  ит, 3 мысық ауланып көздері жойылды.

 2021 жылы ауыл тұрғындар арасында малдан адамға жұққан инфекциялық және инвазиялық аурулар орын алған жоқ.

 2021  жылы жоспарланған ветеринариялық іс шаралар толығымен орындалды.

 

Кәсіпкерлік саласы бойынша.

Ауылдық жерлерде кәсіпті дамыту – жұмыссыздықты  жоюдың көзі болса, осы сала бойынша атқарылған жұмыстар: 2021 жылға тартылған инвеститция көлемі – 700 млн теңге; Өнеркәсіп өндірілетін өнім көлемі –1,0 млд теңге құрады. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерікті дамыту 2017-2021 бағдарламасы арқылы арқылы 3 жанұя несиеге қолжеткізді және қарапайым заттар эканомикасы бағдарламасымен 1 азамат несие алып, 2021 жылы бизнес бастау бағдарламасы бойынша 3 азаматтарымыз қайтарымсыз 585,0 мың теңге қаржы алып өз кәсіптерін жүргізуде.   

                                             

                                            Салық саласы бойынша    

      Жоғарғы Ақсу ауылдық округі бойынша 2021 жылдың салық түсімдері  8 110,0  теңгеге жоспарланып, 12 айдың қорытындысы бойынша 8 765,0 теңге артығымен салық өндіріліп 108% орындалды.

КБК

Салық түрлері

Жоспар

Орындалғаны

%

1

101202

Жеке табыс салығы

242,0

242,1

100

2

104102

Жеке тұлғалардың мүлік салығы

70,0

117,1

167

3

104302

Елдi мекендер жерлерiнен алынатын жер салығы

1 565,0

1 801,3

115

4

104401

Заңды тұлғалардан ұсталатын көлiк салығы

2 975,0

3 254,0

110

5

104402

Жеке тұлғалардан ұсталатын көлiк салығы

3 258,0

3 350,5

102,8

Барлығы:

8 110,0

8 851,5

108

               

 

 

Бюджет саласы

Жоғарғы Ақсу ауылдық округі бойынша 2021 жылға ауылдық округ әкімі аппаратының басты көрсеткіші бюджет саласына бөлінген қаржыны дұрыс қалыптастырып, игерілуін қамтамасыз ету. Ауыл әкімі аппаратына 2021 жылы  37 378,0 мың қаржы қаралып оның ішінде, Абаттандыру Санитария жұмыстары бойынша 8835,0 мың теңге қаралып толық игерілді.

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік саласы.

        Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерікті дамыту 2017-2021 бағдарламасы арқылы 3 жанұя 12,8 млн теңгеге несиеге қолжеткізді. 2021 жылы бизнес бастау бағдарламасы бойынша 3 жас азаматтарымыз қайтарымсыз 1 755,0 мың теңге қаржы алынды. Балалар жәрдем ақысын алатын отбасылар саны -2 азамат. 15 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.

Жоғарғы Ақсу ауылдық округі бойынша шартты және шартсыз атаулы әлеуметтік көмекке жыл басынан бері – 7 отбасы өтініш білдіріп, жәрдемақыларын алған азаматтар өз кәсіптерін жүргізуде. Сонымен қатар аз қамтылған отбасыларға демеушілік есебінен қажетті азық түлік, ет т.б  беріліп отырады.             

Әскери есеп саласы бойынша.

Әскери есеп жұмысы бойынша:  Көктемгі күзгі әскер қатарына шақырылушылар 97 адам болса, соның 97 шақырылушысы медициналық тексерілуден өткізілді.

3 азамат әскер қатарына азаматтық борышын өтеуге жіберілді.

                                           Төтенше жағдайлар бойынша

Ауыл округімізде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында, қыс мезгілінде облыстық маңызы бар,  және ішкі жолдарды дер кезінде қардан тазалап,  көктем күз мезгілдерінде болуы мүмкін селдің алдын алу мақсатында,  арық атыздар ұйықтардан ұдайы тазаланып тұрады.

                                                                             

                                                      Білім саласы

     Білім беру саласы бойынша 2 жалпы орта мектеп, 2 балабақша жұмыс жасайды.Мәдени жалпы орта мектебінен ҰБТ-ға 12 оқушыдан 10 оқушы қатысты орташа  68 пайыз болды,.

     Сарқырама жалпы орта мектебінің ҰБТ-ға 9 оқушыдан 6 оқушы қатысты орташа  48,5 пайызды құрады.

         

                                                      Ауыз су бойынша

Екі елдімекеніміздің ең күрделі шешімін таппай жүрген ауыз су мәселесі облыс, аудан басшыларының ұйытқы болуымен биылғы жылы толыққанды оң шешімін тапты.

 Топтасқан Қаратөбе ауызсу құбырына Жамбыл елді мекенінен, Мәдени елді мекеніне ауызсу құбырын қосып, ауызсу мәселесі 2021 жылы толыққанды бітіп ел игілігіне берілді.

      Сарқырама ауылы жер асты ауыз су құбырынан 24 сағат ауыз суды пайдалануда.

                                           Жарықтандыру саласы

Мәдени елді мекеніне ауыл әкімі апараты есебінен салық көзінен түсетін 4,0 млн теңгеге  Бәйшешек көшесінің 850 метр жолы жарықтандырылды. Сонымен қатар, Сарқырама Мәдени елді мекендеріндегі түнгі жарықтарды толықтай заманауи (лед) лампаларына ауыстырылды.

 

                                                             

                                                 Аяқ жол саласы

       Мәдени елді мекені Бәйшешек, С.Тілеуов көшелерінің 2000 метр аяқ жолына (тратуар) аудандық бюджеттен бөлінген 18 млн 823 мың теңге қаржы бөлініп аяқ жол салынып ел игілігіне берілді.

            

                                               Асфальт жол саласы

            Мәдени елді мекені С.Тілеуов, Бәйшешек көшелерінің ұзындығы 1,3 шақырым  жолына 23,7 млн теңге, сонымен қатар Жаңа талап көшесіне 400 метрге аудандық бюджеттен 5,6 млн қаржы қаралып асфальт жол салынып ағымдағы жөндеуден өткізілді.                  

               

                                              

                                                 Құрылыс саласы

           Сарқырама елді мекеніне жеке кәсіпкер М.Төлтебаевтың есебінен құны 700,0 млн теңгені құрайтын 1,5 гектар жерге үлкен заманауи саябақ салынып ел игілігіне берілді. Саябақта стандартқа сай бассейн, фонтандар, кіші венеция, ашық аспан астындығы мейрамхана, түнгі әсем жарықшамдар, әсем гүлдер, түрлі ағаштар, қайыңдар, қарағайлар егіліп отырғызылды.

                                                  Қас беттерді реттеу саласы

Сарқырама ауылының кіре беріс қоршауларға ауданымыздың әсем табиғаттары мен аңдардың суреттері үйлестіріліп салынды, және қасбеттер бірдей қоршаумен қоршалып, гүл отырғызатын гүлзарлар орнатылды.

                               Санитарлық тазалық(сенбілік) жұмыстары.

Жоғарғы  Ақсу ауылдық округінде 2021 жылы елді мекен тұрғындарымен  мекемелер қызметкерлерімен 14 рет сенбілікке шығып арық-атыздар көше бойлары тазаланып 30 тоннаға жуық қоқыстар шығарылды. Тал теректер бұталды, әктелді,  үй шарбақтары реттелді. Әкімшілік ұжымы бастаған мектеп, балабақша мәдениет, денсаулық саласының ұжымдары мен елді мекен тұрғындары сенбіліктерде бір кісідей атсалысып  көшелердің тазалығы ұдайы сақталуда, күл-қоқыстарды апта сайын арнайы көлікпен жинап әкетуде.

                                          Көркейту,  көгалдандыру саласы

Сарқырама елді мекенінің жол бойына жеке кәсіпкер М.Төлтебаевтың есебінен құны 50,0 млн теңгені құрайтын жалпы 10га жерге көркейту,  көгалдандыру бойынша, түрлі ағаштар, қайың 1000 түп, қырым қарағайы 1500 түп егіліп қоршалды.

Денсаулық сақтау саласы бойынша.

Ауылдық округ бойынша Жоғарғы Ақсу дәрігерлік амблулаториясы, Мәдени фельдшерлік-акушерлік пункті ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді.. Онда 1 дәрігер, 6 мед персонал мен 5 техникалық қызметшілер жұмыс атқарады.       Жедел жәрдем көлігімен қамтамасыз етілген. COVID-19 ауруын алдын алу мақсатында ауыл тұрғындары толық екпе қабылдады.

                     Ауылдық округ әкімі аппаратының жұмыстары

       Ауылдық округ аппаратында 5 мемлекеттік қызметкер және 6 азамат келісім шарт негізінде қызмет атқарады. Ауыл әкімдігі шығарылған:  Өкім саны –82, Шешім саны- 24

         Кіріс хат саны – 263, Шығыс хат саны – 354 дана, азаматтардың жүгінулері бойынша ай сайын есеп алынып және статистикалық есеп аудандық құжаттандыру бөліміне тоқсан сайын беріліп тұрды.Ауылдық округ әкімі аппаратының шығарған шешімдері мен өкімдері облыстық әділет басқармасы арқылы тоқсан сайын салыстыру акті түзіліп, сараланып отырды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша,  «Аудан әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»  бағдарламасына сәйкес ауылдық округ әкімі аппаратының іс-шара жоспары бекітілген.

        Жеке азаматтардан 2021 жылы 12 айда  ауызша 7,  жазбаша 13, өтініш түсіп, тиісті жауаптары беріліп, көтерілген мәселелері түбегейлі шешілді.      

             

Өзекті мәселелер

Ауыл округіміздегі Мәдени елді мекенінің ағын суы ең өзекті мәселе болып тұр. Мәдени елді мекенінде жаз айларында ағын су тапшы болады. Себебі ағын су Балдыберек  өзенінен келеді. Тауда қардың жаз айында тез еруінен және канал бойында суармалы жерлер көп болуынан біздін елге келемін дегенше су деңгейі азайып кетеді.

Сондықтан Ақсу өзенінен су шығарсақ секундына 800 литр су 850 га жерге толығымен су шығып суару мәселесі түбегейлі шешілетін еді.  

Жалпы ұзындығы 5 шақырымды құрайтын, Ақсу өзенінен 150 метр төменнен жоғарыға қарай, темір науамен (лоток)канал тартуға болады. Бұл бойынша Алматы облысынан арнайы су есептегіш, жер қыртысын биіктігін өлшейтін,инжинер, математик физик мамандар келіп Ақсу өзенінің бойынан су шығаруға болатынын дәлелдеп есептеп беріп кетті.

Жалпы аталған жұмысқа 80,0 млн қаржы қажет ететінін айтты.

    Осы жоба іске аса 850 гектар жерді суғарып, көкеніс жүгері картоп алма т.б егіп өсіруге болады. 

                             Алдағы атқарылатын жұмыстар:

1.  Мәдени елді мекені С.Бастықов көшесін жарықтандыру;

2. Мәдени елді мекені С. Тілеуов көшесін жарықтандыру;

3. Мәдени елді мекені Ақсу Жаға көшесін жарықтандыру;

4.Сарқырама елді мекенінің «Теріскей, Теріскей-1» көшесін асфалть жол салу;

5. Мәдени елді мекені С. Тілеуов көшесіне  су ағар  (лоток) орнату;

6 Мәдени елді мекені Бәйшешек көшесіне  су ағар (лоток)  орнату;

7.Санитарлық тазалық, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын  жүргізу;

8.Мәдени елді мекеніне салынатын  2 қабатты спорт комплексті бюджетке ұсыну;  

9. Мәдени елді мекені, Мәдени ЖОМ-ін күрделі жөндеуден өткізу;

10. Ақсу өзені бойынан жалпы ұзындығы 5,0 шақырымды құрайтын жерінен, ағын суды шығару.