16.02.2022

АЛҒАБАС ЕЛДІ МЕКЕНІНІҢ 1.5 ШАҚЫРЫМЫНА ТҮНГІ ЖАРЫҚ ТАРТЫЛАДЫ

✅ Бірінші Мамыр ауылдық округіндегі есепті жиын Алғабас алды мекенінен басталды. Жиынды округ әкімі Ханай Әшірбеков ашып, жүргізіп отырды.

✅ Бірінші Мамыр ауылдық округі 7 елді мекеннен тұрса, халық саны 20306, яғни аумағы және халық саны жөнінен Ленгер қаласынан кейінгі екінші аймақ болып саналады. Бюджет көлемі 90 553 000 теңгені құрады. Ауылшаруашылығы саласында көптеген жұмыстар атқарылды, дегенмен белгілі себептермен 4 тапсырма орындалмады.

✅ Кәсіпкерлік саласында ірі өнеркәсіп орындары бар. Олар өндірген өнімі бүгінде республика аумағына танымал және жұмыс орындары ашылып, өндіріс көлемі артып отыр. Биылғы жылы Тағайна мектебіне қосымша ғимарат құрылысы жүргізіледі. Ауыз су мәселесі Бейнеткеш және Жаңажол елді мекендеріне ауызсу құбырын жұмыстары биылғы жылы аяқталып, пайдалануға беріледі.

Округте 17 трансформатор, 1405 бағананың тозығы жеткен. Жалпы, 71,6 пайыз асфальттанған. Заңсыз салынған 250 құрылыс нысаны бар, 69 нысанның құжаттары рәсімделді, 20 нысанға заңдастыру жұмыстары жүргізілуде.

Алғабас елді мекенде Бірлікке тас төселіп, көпір салынды. Социал көшесін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жобалық сметалық құжаттар әзірленді.

Биылғы жылы Алғабас елді мекенінің 1.5 шақырымын жарықтандыруға 4.5 млн теңге қаржы қарастырылуда.

✅ Ауыл тұрғыны Нұрбол Қазақпаев жарықтандыруға қатысты оның шақырымы жарыс көрсетілмегенін, себебі аркадан ауылдың орталық көшесінің аралығы 1.5 км көп екенін, қосымша трансформатор қажет екенін айтты. Округ әкімі биылғы жылы 114 бағана, 3.5 шақырымға желілер тартылатынын жеткізді.

✅ Медициналық пункт іске қосылса, жарты ставка бойынша жұмысқа келісетін дәрігер маманы керектігін айтты. Қазіргі кезде, денсаулық сақтау мекемесінде фельдшер маманы жұмыс істейді. Қаңғыбас иттер көп, оларды аулап, қажетті шаралар қолдану керек.

✅ Үдебаев елді мекеннің бас жоспарын өзгерту керектігін, себебі жас отау иелеріне тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін бөлу шешімін күткен мәселелердің бірі екенін айтты. Бұған қоса, жолға жасанды кедергілер керек, егістік жерін кекіре басып, өнімге зиян тигізуде деп шағымданды.

✅ Сарыбасов Өстен, орталық көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол белгісін орнату, түнгі жарықтандыру керектігін айтты.

✅ Лесов Мейірбек, қоқысты дер кезінде алып кетпейтінін, бірақ бұл қызметке уакытында ақшасын төлеп отырғандарын жеткізді.

✅ Жумабай Арысбаев өзінің иелігіндегі 4 га жерге қатысты туындаған дау жөнінде әңгімеледі.

✅ Ветеринария саласында қызмет ақылы, дәрігерлер дер кезінде келмейді, салдарынан мал ауырып, тұрғындарға шығын алып келуде, дейді ауыл тұрғындары.

✅ Округ әкімі Ханай Әшірбеков көтерілген мәселелер бойынша сұрақтарға толыққанды жауап берді.

✅ Аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров жиын барысында белсенділік танытқан тұрғындарға алғысын жеткізіп, ағын су, аяқ жол, түнгі жарықтандыру мәселелері аудандағы көптеген елді мекенде бар екенін айтты. Ел экономикасының дамуының көрсеткіштері болар, халық салауатты өмір салтын қалыптастыруды қолға алып, спорт кешендерінің құрылысы жөнінде өтініш айтып жатқандарын жеткізді.

♦️Былтырғы жылы құрғақшылық орын алуына байланысты, аудан аумағына тіршілік нәрі жетпеді. Аудан әкімі Төлеген Тұртайұлының бастамасымен "Ленгер су" мекемесіне құрылыс жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік алып берді. Нәтижесінде, бүгінгі күні ауыз су мәселесін шешу жолдары оңтайландырылды. Ветеринария саласында екі қызмет түрлері бар. Бірі мемлекеттің кепілдендірілген көлемі негізінде берілетін дәрілер, басқаларын әр тұрғын сатып алу керек. Тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімдерін бөлу үшін ең бірінші оның инженерлік-коммуникациялық жүйелер қосылу керек. Осы бағытта, қазір ірі ауылдық округтерде жаңа массивтер қосылуда. Сіздер, берген ұсынысқа байланысты, елді мекеннің бас жоспарын өзгерту бойынша жұмыс жүргізіледі. Құжаттарды реттеуге бірнеше уақыт керек. Елмен пікірлесу мақсатында аудандық мәслихат депутаттары үнемі сіздерге келіп отырады. Аудандық мәслихаттағы 17 депутат, 17 бағытта жұмыс істейді. Ендігі кезекте, бастауыш партия ұйымдарына барып, қоғамдық қабылдау өткізу жоспарланып отыр, - деді Нұрлан Хамзаұлы.

®️Төлеби аудандық мәслихат аппаратының баспасөз қызметі