16.02.2022

ТАҒАЙНАДА 200 ОРЫНДЫҚТЫ МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

Бірінші Мамыр ауылдық округінің әкімі Ханай Әшірбековтың жылдық есепті жиыны Тағайна елді мекенінде жалғасын тапты.

✴️ Округте тауарлы шаруашылықтарда, бюджеттік және өзге де мекемелерде 4 мыңнан астам жұмыс істейді. Тұрғын үйлер саны 3446. Елде мекенге арналған жер көлемі 6845 га, жайылым 7788 га, суармалы жер 2498 га. Ауыл шаруашылық мақсатындағы техникалар жаңартылған. Округ халқы негізінен егін және мал шаруашылығымен айналысады.

✴️ Баяндамадан соң жарыссөзге шыққан ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерін көтерді. Тағайна елді мекендегі ең басты мәселе - мектеп ғимараты апатты жағдайда тұр. Ауыл халқы жайылымдық жер, көше атауына қатысты туындаған сұрақтарын қойды. Ауылда көшенің реті жоқ, үйлер кез келген жерге салынған, құжаттары рәсімделмеген. Жолдар күрделі жөндеуді қажет етеді. Жер телімдерін бөлу жөнінде туындаған сұрақтарын қойды. Тұрғын үй құжаттары рәсімделмеген соң газ, су, электр тарта алмай отыр. Интернет желісі мектеп ғимаратына орналатылған. Легализация кезінде жерлердің құжаттары реттелгенімен, жер мектеп территориясына өткен екен. Жайылымдық жер жоқ.

✴️ Тағайна елді мекенінің 3 көшесі орта жөндеуден өтеді. 200 орынды жаңа мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. ФАП бекеттерін салуға жер телімдері бас жоспарға сәйкес анықталып, мемлекеттік сатысы түзіліп, қаржыландыру үшін бюджетке ұсыну жұмыстары жүргізілуде. Елді мекендегі әлеуметтік мәселелер назар аударуды қажет етеді. 9 көшеге электр желілері жүргізіледі.

Ауыл тұрғындарының көтерген мәселелеріне байланысты ауылдық округ әкімі нақты жауаптар қайтарды.

✴️ Аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Хамзаұлы кездесу барысында тұрғындардың сұрақтары мен ұсыныстары негізінде хаттама түзіліп, ол бойынша тиісті жұмыстар атқарылатынын, ауыл халқының шағымдары көтерген мәселелерге қатысты түсініктеме берді.

- Билік бұқара халыққа барынша жақын болу керек. Әкімдік қызметкерлері, халық қалаулылары ел жағдайымен танысу мақсатында қоғамдық қабылдаулар өткізуде. Азаматтардың құқықтары мен бо­стандықтарын қорғау, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мәселелері - әрқашан аудандық мәслихат назарында. Бүгін жиын барысында әкім алдарыңызға келіп, 2021 жылы атқарылған жұмысты баяндап қана қоймай, ашық-жарқын пікір алмасып, сіздердің тұрмыс-тіршіліктеріңізбен жақыннан танысуға арнап жүргендігін көруге болады, - деп жиынды қорытындылады мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров.

©️ Төлеби аудандық мәслихат аппаратының баспасөз қызметі