16.02.2022

ЗАҒАМБАР ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛІП, АЯҚ ЖОЛ САЛЫНАДЫ

Зағамбар елді мекеніндегі жиын жалпы орта мектеп ғимаратының акт залында өтті. Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Хамзаұлы

мәслихат депутаттары Куаныш Кансеитов Дәурен Турдалиев , Азамат Сахов Абдинур Абдали қатысты.

Басқосудың өту барысын бақылау мақсатында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Сәбит Тұрғынбеков, аудан әкімі аппаратының инспекторы Берік Рахимов қатысып отырды.

???? Округ - бал өнімдерін өндіру бойынша аудандағы ең ірі аймақ болып саналады. 4 Сібір жарасының ошағы бар. Кәсіпкерлік саласында 8 бағыт жүзеге асты. Округ аумағында Жаңажол, Бейнеткеш елді мекендерінде ауызсу құбыры тартылуда, құрылыс жұмыстары 2022 жылы өтпелі. Зағамбар елді мекенінде таза суға арналған жаңа скважина қазылды, СЭС тексеруінен кейін пайдалануға беріледі.

Заңсыз салынған үйлер 250 болса округ бойынша, оның ең көп мөлшері Зағамбар ауылына тиесілі. 65 отбасы АЕК құжат тапсырып, 46 отбасыға мемлекет көмегін алуда. Әскери міндеттілер саны 1745 адам. Көктем көшесінде 35 үй бар, электр бағаналары қолдан жасалған, оны ауыстыру жоспарлануда. Зағамбар елді мекеніне аяқ жол салу биылғы жылы жүзеге асады. Бірінші Мамыр елді мекеніне 2.50 гектар жерге заманауи спорттық-салауаттық кешен мен футбол алаңшасын салынса, Алғабас елді мекеніне "Шымкенцемент" АҚ демеушілігімен жабық спорт кешенінің құрылысы жүргізіледі.

???? Жарыссөзге шыққан Ерман Майлыбаев биылғы жылы жөнделетін көшенің шақырымы жөнінде сұрақ қойып, Бадам өзені бойындағы күл-қоқысты реттеу, тазалау үшін сенбіліктер өткізу қажеттігін айтты.

???? Қоғам белсендісі Ләззат Асанова, Бірінші Мамыр жалпы орта мектебінің оқушысы, жасөспірім қыздың жоғалуына байланысты, қандай жұмыстар атқарылуда деп сұрады.

Адам жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, іздестіру жұмыстары жүргізілуде, деп жауап берді учаскелік полиция инспекторы.

2022 жылы Зағамбар елді мекенінің Түркістан көшесінің 0.9 шакырымына жөндеу жұмыстары жүргізіледі, оған 22.4 млн теңге, орталық көшеге аяқ жол құрылысына 25.6 млн теңге бөлінді.

???? Жиынды қорытындылаған аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров ауыз су, жол, электр бағаналары, желілері бойынша жүзеге асатын жобалар жөнінде әңгімеледі.

???? Ауыл тұрғынының әл-ауқатын жақсарту мақсатында перспективалы ауылдарды іріктеп, сол ауылдарда әлеуметтік саланы дамытуды, тұрғын үйлер мен жолдар салып, коммуникациялар жүргізуді қарастыратын «Ауыл – Ел бесігі» жобасы іске асырылуда.«Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру тетіктері келесі шараларды қамтиды. Бірінші кезекте тірек ауылдық елді мекендер іріктелуіне байланысты, ауданнан Көксәйек ауылдық округі енді. Елді мекеннің даму әлеуетіне және қазіргі экономикалық жағдайына талдау жасау негізінде, осы ауылдарда іске асырылатын жобалар жүзеге асты. Бағдарлама аясында аудандағы көптеген елді мекендерде инженерлік инфрақұрылым жүйелері ретке келтірілуде. Мемлекеттік басқарудың барынша ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдар негізінде әлеуметтік желілер, қоғамдық қабылдаулар арқылы, қоғамдық кеңес жиынына қатысу арқылы өз өтініштеріңізді кез келген құзырлы орынға жеткізе аласыздар. "Халық үніне құлақ асатын мемлекет» саясатын одан әрі іске асырудың бірінші кезектегі міндеті азаматтардың пікірлері мен өтініштерін жинау арқылы, «проблемалық аймақтарды» анықтап, оны шешу бойынша жобалар жасап, жүзеге асырылады, - деді мәслихат хатшысы Нұрлан Хамзаұлы.

©️Төлеби аудандық мәслихат аппаратының баспасөз қызметі