17.02.2022

БІРІНШІ МАМЫР АУЫЛЫНДА ИГІЛІКТІ ІСТЕР КӨП

Бірінші Мамыр ауылдық округінің әкімі Ханай Әшірбековтың халық алдында есеп беру жиыны Бірінші Мамыр елді мекенінің Мәдениет үйінде жалғасын тапты.

☑️ Жиынға аудандық мәслихат хатшысы, "Nur Otan" партиясынан сайланған депутат Нұрлан Хамзаұлы , "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Куаныш Кансеитов , осы партия атынан сайланған депутаттар Дәурен Турдалиев , Айдос Шырынбек , Ерболат Кошербайулы қатысты.

☑️ Елді мекен бойынша ауыл тұрғыны Гулжан, Қайназаров көшесі электр жарығының қуаты нашарлығына, көшеде қаңғып жүрген иттер көптігіне шағымданып, балалар мектепке баруға қорқатынын жеткізді.

☑️ Ақберді Тұрашев, Үмбеталиев көшесінде бойында шлакоблок шығарып отырған кәсіпкердің көлікпен құм, тас тасып, тұрғын үй ауласын шаң басқандығын, оның жұмысын тоқтату жөнінде, су құдығы үстіне тратуар салынғанын айтып, ашуға бой алдырды.

☑️ Социал көшесіне таза ауыз су жетпей отыр, суды самотекпен алып келуді ұсынды.

Тәжібаев Амангелді, жол жөндеді, көшенің екі бетіне арық тартылса, бағаналар тартып берсе деген өтінішін айтты.

☑️ Шұғыла көшесінің тұрғыны Бірінші Мамыр елді мекеніндегі ауызсудың сапасы сын көтермейтінін, түнгі жарықтандыру жоқ екенін, мектеп оқушылары сабаққа барып-келгенде қиналатынын айтты. Бірінші Мамырдан Біркөлікке баратын жолға бағдаршам, орталық көше бойына жаяу жүргіншілерге арналған жол белгісін қою жөнінде ұсынысын айтты. Малдың шөбі күн артып қымбаттап жатқанын, емдеу мекемесі ғимараты құрылысында кемшіліктер бар екенін жеткізді.

☑️ Мәдениет үйіне жөндеу жұмыстары қажет.

Жоғалған қызды іздестіру жұмыстарын жүргізу жөнінде қоғам белсендісі Ләззат Асанова көтеріп, ауыл халқын жасөспірімді бірлесіп іздеуге шакырды.

Жаңа массивтерден жер телімдері кімге беріледі? Кезекке қою реттілігі, жер алу мәселесі бойынша өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.

☑️ Жайылымдық жерлер, малды өріске шығара алмайды. Су қоймасын салу жөнінде айтылған еді, бұл мәселе қашан шешім табады, деп сұрады.

Ауыл тұрғыны Мұхтар Рысбеков, электр бағаналарын ауыстыру жөнінде ұсыныс айтты.

☑️ Жиынды қорытындылаған аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Хамзаұлы ауыз су, ағын су, жол, электр бағаналары, жайылымдық жерлерге қатысты қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді. Каналдар, су қоймалары бойынша аудандағы қолға алған жобалар жөнінде әңгімеледі.

©️ Төлеби аудандық мәслихат аппаратының баспасөз қызметі