26.05.2016

2016 жылдың 26 наурызында Кемеқалған ауылдық округі әкімін сайлауы болып өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013  жылғы 24  сәуірдегі №555  Жарлығымен бекітілген  «Қазақстан  Республикасының аудандық  маңызы бар  қалалары, ауылдық  округтері, ауылдық  округтің  құрамына  кірмейтін   кенттері  мен ауылдары  әкімдерін  қызметке  сайлау,   өкілеттігін  тоқтату және  қызметтен  босату қағидаларының» 49  тармағына  сәйкес,  таңдаушылардың  отырысына 17 депутаттан 16 қатысып, 1 депутат дәлелді себеппен қатынаса алмады.

           Таңдаушылардың жиынына аудандық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері және редакцияның тапсырмасымен аудандағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып отырды.

 

Елбасының жоғарыда айтылып өткен Жарлығына сәйкес таңдаушылар 

 отырысының күн  тәртібінде  «Кемеқалған  ауылдық округі  әкімін сайлау» мәселесі қаралды.

Кемеқалған ауылдық округі  әкіміне 2 азамат  кандидат болып тіркелді. Олар, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы Құлманов Сейдуалы Алпысұлы және аудан әкімі аппараты заң бөлімінің басшысы Тұрғынбаев Құттымұрат.

         Кемеқалған ауылдық округі  әкімін сайлау  жөніндегі  дауыстарды   санаудың  нәтижелері туралы сайлау хаттамасын аудандық сайлау комиссиясының төрағасы  О.Сүттібаев жариялады.

      Сайлаудың нәтижесінде,  аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы Құлманов Сейдуалы Алпысұлы Кемеқалған ауылдық округтің әкімі болып сайланды

                   

.