23.02.2022

ЖҰМЫС ТОБЫ ЖАСАҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты хатшысының өкімінің негізінде Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өтті.

✴️ Жұмыс тобын іріктеуге арналған жиынды аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров ашып, жүргізіп отырды. Басқосуға жұмыс тобына үміткер ретінде тіркелген 17 адамның 3 -і түрлі себептермен қатыса алмады. Қалған 14 кандидат арасында 2 азаматты мәслихат хатшысы таңдау мүмкіндігімен жұмыс тобы құрамына енгізсе, қалған 5 адам өзара ашық дауыс беру арқылы таңдалды. Нәтижесінде ең көп дауысқа ие болғандар қоғамдық кеңесті қалыптыстыру жөніндегі жұмыс тобына құрамына бекітілді. Топ құрамына енгендер өзара дауыс беру арқылы төрағаны сайлап, қоғамдық кеңес құрамына енетін азаматтар санын анықтады.

✴️ Жұмыс тобы құрамына үміткерлер арасынан іріктеліп, Исахов Абдикерим, Алимқұлов Мұхиддин, Сәулембаев Тағабай, Оңғаров Шырынбек, Құлманов Сайлау, Манкеев Талғат, Кендірбаев Асылзат енді. Жұмыс тобының басшылығына Т.Сәулембаев басым дауыспен сайланды. Жұмыс тобы жиын барысында дауыс беру арқылы қоғамдық кеңес құрамы 21 азаматтан тұруы қажеттігін талқылап, оны бекітті.

✴️ Жұмыс тобы алдағы болатын кезекті жиында қоғамдық кеңес мүшелерін конкурс арқылы іріктеу жұмыстарын жүргізеді.

©️ Төлеби аудандық мәслихат аппартының баспасөз қызметі