23.02.2022

КОМИССИЯ ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНІҢ РЕТТІЛІГІН ЗЕРДЕЛЕДІ

Төлеби аудандық мәслихатының экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, әкімшілік-аумақтық құрылым, қоғамдық өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиында бірінші тоқсанға арналған жұмыс жоспарына сәйкес тұрғын үй кезегінің реттілігі қаралды.

✔️ Комиссия мүшелері мемлекеттік тұрғын үй кезегін зерделей отырып, оның реттілігінің дұрыс сақталуын, интернет ресурс базаларында тіркелуін қадағалады. Айта кетерлігі, бүгінде ауданда тұрғын үй кезегіндегі 4520 адам бар. Олар төрт санат бойынша тіркелген. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, кезек «Мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйым қызметкерлері, әскери қызметкерлер, ғарышкерлікке үміткерлер және мемлекеттік сайлау лауазымындағылар», «Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтары», «Көпбалалы аналар», «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» болып бөлінеді.

✔️ Комиссия тұрғын үй кезегінің реттілігі бойынша зерделеу жұмыстарын жалғастыруда.

©️ Төлеби аудандық мәслихат аппаратының баспасөз қызметі