01.03.2022

ТАТУЛЫҚ ПЕН БІРЛІКТІ ТУ ЕТКЕН ТӨЛЕБИ АУДАНЫ

 

✨ "Алғыс айту" күніне орай, Төлеби ауданы әкімдігі мен этно-мәдени орталықтардың ұйымдастыруымен арнайы мерекелік іс-шара өтті. Жиынға аудан әкімі Төлеген Телғараев, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев қатысты.

⚜️ Мерекелік басқосу "Алғыс айтамын" әнімен ашылды. Аудандық Мәдениет үйінің биші қыздары бірнеше ұлт өкілдерінің ұлттық билерін мың бұрала билеп, мерекенің сәнін келтірді. Тәуелсіз Қазақстанға арналған ән жиналғандардың рухтарын көтеріп, патриоттық сезім ұялатты. Жиынға қатысқан аудан әкімі Төлеген Телғараев атаулы күннің тарихы мен маңыздылығы жөнінде әңгімеледі.

???? Еліміздегі татулық пен бірліктің кішігірім бір айғағы ретінде төлебилік тұрғындардың берекелі тіршілігін айтуға болады. Биыл тұғыры биік Төлеби ауданының құрылғанына 90 жыл толып отыр. Бұл - ауданның барша тұрғындары үшін үлкен мереке. Ауданымыздағы 120 мыңнан астам халықтың 30 пайызынан астамын өзге этнос өкілдері құрайды. «Ынтымақ жүрген жерде, ырыс бірге жүреді» деген халық даналығында үлкен мағына бар. Төлеби ауданы – көптеген ұлт өкілдерінің өзара ауызбіршілікте өмір сүріп жатқан, халқының бірілігі жарасқан мекені, деді құттықтау сөзінде аудан басшысы.

⚜️ Мерекелік іс-шара барысында жиналғандарды этно-мәдени бірлестік төрағалары көктемнің бірінші күні тойланатын "Алғыс айту" күнімен құттықтап, қазақ халқына алғысын жеткізіп, сый-сияпат жасады.

✨Мерекенің негізгі мақсаты - Қазақстан жеріне еріксіз көшірілген босқындарға қамқорлық танытқан, қолда барымен бөлісіп, көмектесіп, қорғаныш бола білген қазақ халқына алғыс айту болып саналады. Сондай-ақ, бір шаңырақ астында бейбітшілік пен келісімде тұрып жатқан көп ұлтты халықтың ынтамағын арттырып, бір идея, бір мүдде астында біріктіру мерекенің басты қағидаттарының бірі. Қиын-қыстау жағдайда бір-біріне қол ұшын созып, иық тіреп көмек көрсету - дала халқы үшін жазылмаған заң болып саналса, аудан халқы осы дәстүрді бүгінгі күнге жалғастырып келеді. Нәтижесінде, аумақ бейбітшілікті, татулық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосуда.

✨Жиында ауданда мекен еткен өзге ұлт өкілдерінен құралған этно-мәдени бірлестіктер қиын жағдайға тап болып, қамқорлыққа мұқтаж отбасыларына ұлттық тағамдардан дастархан жайып, естелік сыйлықтар табыс етіп, мерекелік концерт өткізді.

®️Төлеби аудандық мәслихат аппаратының баспасөз қызметі