01.03.2022

АЛҒЫС АЛҒАН АРЫМАС

 

❇️ Құрметті Төлеби ауданының тұрғындары!

❇️ Сіздерді 1 наурыз «Алғыс айту» күнімен шын жүректен құттықтаймын.

1 наурыз күні – еліміздегі жалпыхалықтық мереке болып саналады. Мерекенің негізгі мақсаты - Қазақстан жеріне еріксіз көшірілген босқындарға қамқорлық танытқан, қолда барымен бөлісіп, көмектесіп, қорғаныш бола білген қазақ халқына алғыс айту болып саналады. Сондай-ақ, бір шаңырақ астында бейбітшілік пен келісімде тұрып жатқан көп ұлтты халықтың ынтамағын арттырып, бір идея, бір мүдде астында біріктіру мерекенің басты қағидаттарының бірі.

❇️ Өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда этносаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту бағытында Төлеби ауданында көптеген игі істер атқарылуда. Төлеби ауданы – көпұлтты бірлігі мен ынтымағы жарасқан аймақ. Аудандағы халық санының 31 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды. Қиын-қыстау жағдайда бір-біріне қол ұшын созып, иық тіреп көмек көрсету - дала халқы үшін жазылмаған заң болып саналса, аудан халқы осы дәстүрді бүгінгі күнге жалғастырып келеді. Нәтижесінде, аумақ бейбітшілікті, татулық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосуда.

❇️ Айтулы күн жақсылықты бағалай білуге, әр іске жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды. Көңілді жадыратар көктемнің бірінші күні атап өтілетін «Алғыс айту» күнімен баршаңызды құттықтай отырып, әр отбасыға бақ-береке, елімізге татулық пен тыныштық тілеймін!

©️ Құрметпен,

Төлеби аудандық мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров

Возможно, это изображение (1 человек, сидит и костюм)

108Вы, Феруза Калтаева, Ерболат Кошербайулы и ещё 105

Комментарии: 25

Нравится

Комментировать

Поделиться