25.02.2022

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ БІРІККЕН МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

 

???? Төлеби аудандық мәслихатының үш бірдей тұрақты комиссияларының біріккен мәжілісі өтті. Жиынға аудандық мәслихат депутаты Мадина Ермаханбетова төрағалық етіп, күн тәртібімен таныстырды. Басқосуға аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров қатысып отырды.

⚜️ Бірінші бюджет және аумақты экономикалық – әлеуметтік дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Дина Хангелді «Төлеби автобус паркі» ЖШС-не бөлінген субсидияның игерілу барысы мен мекемеде атқарылып жатқан жұмыстар жоспарымен танысып, қоғамдық көліктің қызмет көрсету сапасына қатысты зерделеу жұмыстарының нәтижесін баяндады. Аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Жұмабаев өз хабарламасында жолаушыларды тасымалдауға қатысты субсидияның игерілу барысы жөнінде айтты.

???? «Төлеби Автобус паркі» ЖШС –і қазіргі таңда, 7 бағыт бойынша қызмет көрсетуде, атап айтқанда: «Көксәйек-Шымкент», «Ленгір-Шымкент», «Ленгер қалаішілік», «Ленгер-Бейнеткеш», «Ленгер-Момынай», «Ленгер-Жаңаұйым», «Ленгер- Аққұм». Мекемедегі жалпы қоғамдық көліктің жалпы саны - 44 (27 автобус, 17 шағын автобус).

Аудандық маслихаттың 23.12.2021 жылғы №13/74-VII шешіміне сәйкес, 3 бағытқа қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалдау үшін 50 440 000 тг көлемінде субсидиялауға қаржы қаралған. Оның ішінде: Ленгір қала аумағына- 40 445 499 теңге, Ленгір – Бейнеткеш бағытына - 5 887 744 теңге, Ленгір - Аққұм маршутына - 3 701 785 теңге бөлінген. Бүгінгі күні қала аумағында жүретін көліктер кестеге сәйкес, әр 10 минутта жүрсе, әр аялдамаға кестелер ілінген. «Ленгер-Бейнеткеш» бағыты бойынша таңғы 8.00 ден 19.00 ге дейін, әрқайсысы 42 шақырымнан 4 айналым жасайды. Көліктер кестеге сай әр 2,5 сағат уақыт аралығында қатынайды, жолақы құны 105 теңге. «Ленгер-Аққұм» маршуты бойынша қоғамдық көлік күніне 5 рет таңғы 07.00 ден 19.00 ге дейін, араға 2,5 сағат уақыт сала отырып, жолаушы тасымалдайды. Аталған бағыттар бойынша аялдамаларға көліктің жүру кестесі ілінген. Бөлім мен қала әкімдігі бірлесе отырып, қоғамдық көліктердің жүру бағытын қадағалау бойынша аптасына бір рет тексеру жұмыстарын жүргізіп отыратындығын айтып өтті.

⚜️ Мемлекеттік заңдылық, азаматтардың еркі мен құқығын қорғау, депутаттық өкілеттілік және депутаттың этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Феруза Қалтаева «Төлеби ауданы бойынша "18-27 жас аралығындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" хабарлама жасады. Азаматтарды әскерге шақыру жұмысына қатысты орын алған олқылықтарға Төлеби аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім басшысы Нұржан Аманжолов жауап берді. Ал, депутаттардың осы салаға қатысты сұрақтарына аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев түсіндіріп өтті. Басқосуда қорғаныс бөлімінің ғимараты мерзімді әскери қызметке шақыруға сай еместігі, оның әбден тозығы жетіп, күрделі жөндеуді қажет ететіндігі сөз болды. Аудан әкімінің орынбасары Бақберген Тәңірбергенұлы әскери комиссариат ғимаратының жай-күйінен хабары бар екенін, бүгінде талапқа сай орын іздестіруде екенін жеткізді.

⚜️ Экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, әкімшілік-аумақтық құрылым, қоғамдық өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Қанат Өмірбеков «Тұрғын үй кезегі және қызметтік пәтерлер беру мәселелері туралы» зерделеу жұмыстарының нәтижесін баяндады. Аудандық тұэрғын үй, коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Болысбекұлы осы салада жүзеге асып жатқан жұмыстарға талдау жасады.

⚜️ Мәжілісті аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров қорытындылап, біріккен тұрақты комиссия отырысында көтерілген мәселелер бойынша қаулылар қабылданатынын, жиын барысында айтылған сын-ескертпелерді түзету бойынша жұмыстар жүргізу қажеттігін ескертті.

©️ Төлеби аудандық мәслихат аппаратының баспасөз қызметі