03.03.2022

ДЕПУТАТТАРДЫҢ БАСТЫ БАСЫМДЫҚТАР БОЙЫНША ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТТЕРІ -4

Төлеби аудандық мәслихатының жетінші шақырылымындағы депутаттары партияға дауыс беру арқылы жасақталды. Сайлау Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2021 жылы сайлауға партиялар түсіп, халық таңдауына сәйкес басым дауысқа ие болғандардан жергілікті мәслихат және Парламент Мәжілісі құралды.

❇️ Былтырғы жылдың сайлау нәтижесіне сәйкес Төлеби аудандық мәслихатына 17 депутат іріктеліп, оның 13-і «Amanat» (Nur Otan) партиясынан, 2-і «Ақ жол» демократиялық партиясы, 2-і «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан сайланды. Аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаровтың тапсырмасына сәйкес, мәслихат депутаттарына міндеттер жүктеліп, олар тұрақты комиссиялар құрамына еніп, партияның фракцияларына мүше болды. Халық қалаулылары өзінің мамандығы, біліктілігіне сәйкес салалармен бірлесе отырып, жұмыс істейді. Аудан халқы кез – келген уақытта өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алу үшін саласына қатысты депутатқа жолығып, арыз-шағымын, өтінішін жеткізе алады.

✔️Сіздерге, 17 депутататтың әрқайсының атқаратын қызметтері мен оларға жүктелген міндеттер жөнінде әңгімелеуді жөн көрдік.

???? Жабаев Ерболат Көшарбайұлы: шағын және орта бизнесті, жалпы кәсіпкерлікті қолдау бағытында жұмыс істейді. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін жастарды кәсіпкерлікке даярлап оқыту, қаржылық ресурстарға қол жетімділікке жағдай жасау бағытында еңбек етеді.

???? Халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру мақсатында жаппай бизнес ашуға жағдай жасайды.

???? Туризмдік мақсаттағы кәсіпкерлік пен кластерді дамытуға қолдау көрсетеді.

???? Ауыл шаруашылығы бағытындағы аудан болғандықтан, бірінші кезекте аграрлық құрылымдардың қаржылық ресурстарға қолжетімділігін шешеді.

???? Кәсіпкерлікті дамыту арқылы халықты жұмыспен қамтамасыз ету және жұмыссыздықты азайту мақсатында жұмыс жүргізеді.

❇️ Жабаев Ерболат Көшербайұлының мамандығы технолог, құқықтанушы. Оңтүстік Қазақстан техникалық университетінде «Электротермиялық және плазмохимиялық өндіріс технологиясы» мамандығы, Қазақ гуманитарлық заң университетінде «Құқықтану» мамандығы білім алған. 1997 жылдан бері жеке кәсіпкер.

"Amanat" (Nur Otan) партиясынан сайланған.

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, "Amanat" партиясының фракция мүшесі