04.03.2022

«AMANAT» ЖҰМЫСЫ ЖЕДЕЛДІК ПЕН АШЫҚТЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлының тапсырмасына сәйкес, "Amanat" партиясының Төлеби аудандық филиалында актив жиыны өтті. Басқосуды партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Төлеген Телғараев ашып, жүргізіп отырды. Жиын барысында партия төрағасының бірінші орынбасары Қуаныш Қансейітов күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасады.

???? Төрағаның партияны модернизациялау бойынша берген тапсырмасы аясында саяси ұйымның жұмысына кешенді талдау жүргізілді. Қоғамдық пікір мен сарапшылардың ұстанымы зерттелді. Республика бойынша ұсыныстар жиналды. Қорытындысы бойынша, жан-жақты талқыланып, маңызды ұсыныстар топтастырылған 7 бағыттан тұратын жаңғыртудың бағдарламасы қабылданды, деді өз баяндамасында партия төрағасының бірінші орынбасары Қуаныш Қансейітов.

???? Бірінші: халықпен кері байланыс жасау құралдарының тиімділігі артатын болады. Екінші партияластар арасында ынтымақтастықты арттырамыз. Үшінші партия жұмысын ашықтық форматына көшіреміз. Төртінші партиялық бақылау күшейеді. Бесінші партияның Жарғысына, 2030 жылға дейін «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасына, 2025 жылға дейін партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасына өзгерістер енгізілетін болады. Алтыншы қазіргі таңда партия жүзеге асырып отырған 6 жобаға жаңа 4 жоба қосылатын болады. Жетінші «Jas Otan» жастар қанатының жұмысын толықтай қайта жаңғыртылады.

???? Жиын барысында аудандық мәслихат депутаты Мадина Ермаханбетова, «Жастар ресурстық орталығы» МКМ директоры Пердебек Есқұлов күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.

???? Аудандық мәслихат хатшысы ретінде  партия жұмысына қатысты берілген тапсырмаларға қатысты ұсыныстар айттым. Бірінші, елді мекендерде қоғамдық қабылдау өткізу жұмысын аудандық мәслихмерін тұрақты іске қосып, оған белгілі бір уақытты көрсету қажеттігін айттым. Екіншіден, ауылдардағы NEET санатындағы жастарды анықтауға депутаттар бірлесе атсалысатынын жеткіздім.

???? Айта кетерлігі, бүгінде қоғамда NEET тобындағы жастар көп. Яғни, ғылымда NEET термині ағылшын тіліндегі "Not in Empoloyment. Education or Training" ұғымының бас әріптерінен құралған, қазақ тіліне аударсақ "не жұмыс істемейтін, не оқымайтын, не өзге де істермен айналыспайтын адам" дегенді білдіреді.

???? Жиынды қорытындыаған аудан әкімі Төлеген Телғараев «Партияның өзгеріске ұмтылуы қоғамның негізгі сұраныстарына – адалдық пен әділдікке, тиімділік пен жауапкершілікке, жеделдік пен ашықтыққа негізделген. Сондықтан, біз партияластар ұсынған бағдарламаны қолдап, қуаттауға, бірлесіп жүзеге асыруға шақырамыз, деді Төлеген Тұртайұлы.

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, "Amanat" партиясының фракция мүшесі