05.03.2022

ДЕПУТАТТАРДЫҢ БАСТЫ БАСЫМДЫҚТАР БОЙЫНША ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТТЕРІ -5

Төлеби аудандық мәслихатының жетінші шақырылымындағы депутаттары партияға дауыс беру арқылы жасақталды. Сайлау Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2021 жылы сайлауға партиялар түсіп, халық таңдауына сәйкес басым дауысқа ие болғандардан жергілікті мәслихат және Парламент Мәжілісі құралды.

✅ Былтырғы жылдың сайлау нәтижесіне сәйкес Төлеби аудандық мәслихатына 17 депутат іріктеліп, оның 13-і «Amanat» (Nur Otan) партиясынан, 2-і «Ақ жол» демократиялық партиясы, 2-і «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан сайланды. Аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаровтың тапсырмасына сәйкес, мәслихат депутаттарына міндеттер жүктеліп, олар тұрақты комиссиялар құрамына еніп, партияның фракцияларына мүше болды. Халық қалаулылары өзінің мамандығы, біліктілігіне сәйкес салалармен бірлесе отырып, жұмыс істейді. Аудан халқы кез – келген уақытта өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алу үшін саласына қатысты депутатқа жолығып, арыз-шағымын, өтінішін жеткізе алады.

✅ Сіздерге, 17 депутаттың әрқайсының атқаратын қызметтері мен оларға жүктелген міндеттер жөнінде әңгімелеуді жөн көрдік.

????Қансейтов Қуанышбек Үсіпәлиұлы: азаматтарға арналған үкімет, сандық технологияларды енгізу, сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселері бойынша жұмыс жүргізеді.

????Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын онлайн режимде пайдалануына ықпал етеді.

????Сәулет, қала құрылысы және құрылыс салаларында тиісті жобалық құжаттамаларды уақытылы іске асырады.

????Пандемияға байланысты санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырып, жүргізеді.

✅ Қансейтов Қуанышбек Үсіпәлиұлының мамандығы бастауыш сынып мұғалімі. 2008-2012 жылдары Б.Момышұлы атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. 2009 жылы төртінші шақырылымдағы аудандық мәслихат депутаты болып сайланды. 2012 жылдың қыркүйек айынан «Нұр Отан» партиясы Төлеби аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет атқарып келеді. "Amanat" (Nur Otan) партиясынан сайланған.

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат депутаты, "Amanat" партиясының фракция мүшесі