09.03.2022

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСКЕ ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобы Төлеби ауданының қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау туралы конкурс өткізілетіндігін хабарлайды. Қоғамдық кеңестің құрамы 21 адамнан жасақталады.

 Төлеби аудандық қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар, оның ішінде өзін-өзі ұсыну жолымен ұсына алады. Комерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады. Қоғамдық кеңес өкілеттіктер мерзімі үш жылды құрайды.

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, Төлеби аудандық қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:

1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Төлеби ауданы аумағында тұрақты тұратын азаматы қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

 Аудандық қоғамдық кеңесі мүшелігіне кандидаттың:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

 Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде (5-24 наурыз аралығында) хабарландыруда көрсетілген қажетті құжаттарды пошталық мекен-жай: «Төлеби аудандық мәслихат аппараты» ММ, Ленгір қаласы, Әйтеке би көшесі, №28 үй, №217 каб. тел: 6-18-96 қолма-қол немесе tolebi_maslihat@mail.ru электрондық поштасына жолдайды:

2. Конкурсқа қатысу үшін:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама.

Ескертпе: Аудандық Қоғамдық кеңестің құрамына конкурс өткізу хабарламалары 2022 жылдың 4 наурыз күні аудандағы газеттерге және интернет ресурстарға жарияланды.

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, "Amanat" партиясының фракция мүшесі