10.03.2022

ДЕПУТАТТАРДЫҢ БАСТЫ БАСЫМДЫҚТАР БОЙЫНША ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТТЕРІ -9

Төлеби аудандық мәслихатының жетінші шақырылымындағы депутаттары партияға дауыс беру арқылы жасақталды. Сайлау Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2021 жылы сайлауға партиялар түсіп, халық таңдауына сәйкес басым дауысқа ие болғандардан жергілікті мәслихат және Парламент Мәжілісі құралды.

Былтырғы жылдың сайлау нәтижесіне сәйкес Төлеби аудандық мәслихатына 17 депутат іріктеліп, оның 13-і «Amanat» (Nur Otan) партиясынан, 2-і «Ақ жол» демократиялық партиясы, 2-і «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан сайланды. Аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаровтың тапсырмасына сәйкес, мәслихат депутаттарына міндеттер жүктеліп, олар тұрақты комиссиялар құрамына еніп, партияның фракцияларына мүше болды. Халық қалаулылары өзінің мамандығы, біліктілігіне сәйкес салалармен бірлесе отырып, жұмыс істейді. Аудан халқы кез – келген уақытта өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алу үшін саласына қатысты депутатқа жолығып, арыз-шағымын, өтінішін жеткізе алады.

Сіздерге, 17 депутататтың әрқайсының атқаратын қызметтері мен оларға жүктелген міндеттер жөнінде әңгімелеуді жөн көрдік.

 Нысанбаев Жасар Тұрашұлы экология және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары саласына жауапты.

Ауданда экологиялық мәселелерді шешудің ұтымдылығын арттыру, аумақтың экологиясын жақсарту бойынша шаралар қолданады.

Қоғамда экологиялық құндылықтарды, барлық табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді пайдалану бағытында жұмыс істейді.

Жануарлар мен өсімдік дүниесін және балық шаруашылығын заң аясында, заңнамалық деңгейде қорғалуын қолға алады.

Аудандағы полигондардың жұмысын заң талаптарына сәйкестендіру, айналасының тазалығын сақтауға ат салысады.

Жасыл желектер отырғызу, жұмыстарын жандандыру, оларды баптап күтіп ұстауға көмек береді.

 Жер қатынастары мәселесін реттеу, оның ішінде: азаматтардың түрлі мақсаттардағы жер телімдерін алудағы кадастрлық жұмыстардың оңтайлы шешілуіне ықпал етеді.

Нысанбаев Жасар Тұрашұлының мамандығы инженер-механик, заңгер. Қазақ химия-технологиялық институтында инженер-механик мамандығы бойынша білім алған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Слесарь монтаждаушы, инженер, механик, комсомол комитетінің хатшысы, кассир, шағын кәсіпорнының директоры, өндірістік кооператив төрағасы қызметтерін атқарған. Жеке кәсіпкерлікке ден қойған. «Төлеби су шаруашылығы» МКК директоры қызметін атқарып келеді. «Ауыл» социал-демократиялық партиясынан сайланған.

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәлихат хатшысы, «Amanat» партиясының фракция мүшесі