11.03.2022

ДЕПУТАТТАРДЫҢ БАСТЫ БАСЫМДЫҚТАР БОЙЫНША ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТТЕРІ - 11

Төлеби аудандық мәслихатының жетінші шақырылымындағы депутаттары партияға дауыс беру арқылы жасақталды. Сайлау Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2021 жылы сайлауға партиялар түсіп, халық таңдауына сәйкес басым дауысқа ие болғандардан жергілікті мәслихат және Парламент Мәжілісі құралды.

Былтырғы жылдың сайлау нәтижесіне сәйкес Төлеби аудандық мәслихатына 17 депутат іріктеліп, оның 13-і «Amanat» (Nur Otan) партиясынан, 2-і «Ақ жол» демократиялық партиясы, 2-і «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан сайланды. Аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаровтың тапсырмасына сәйкес, мәслихат депутаттарына міндеттер жүктеліп, олар тұрақты комиссиялар құрамына еніп, партияның фракцияларына мүше болды. Халық қалаулылары өзінің мамандығы, біліктілігіне сәйкес салалармен бірлесе отырып, жұмыс істейді. Аудан халқы кез – келген уақытта өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алу үшін саласына қатысты депутатқа жолығып, арыз-шағымын, өтінішін жеткізе алады.

Сіздерге, 17 депутаттың әрқайсының атқаратын қызметтері мен оларға жүктелген міндеттер жөнінде әңгімелеуді жөн көрдік.

Өмірәлі Бердіғали: мемлекеттік заңдылық пен әділдік, азаматтардың құқығы мен еркін қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласына жауапты.

 Ауданда халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқығы мен еркін қорғау, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарды қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастырады.

Аумақта қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты қамтамасыз ету, ғылыми сарапшы мамандарды тарта отырып, ауданда қоғамдық тұрақтылыққа кері әсерін факторларды анықтау және олардың алдын-алу бойынша негіздемелер мен ұсыныстар әзірлейді.

Азаматтардың шағымдары бойынша жедел әрекет етуді шешу, бұл мәселені шешу үшін «қол созым жердегі полиция» қағидатын (принцип) енгізуді қолға алады.

Төтенше жағдайлардың алдын-алу, ол үшін жүйелі түрде ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отыру, материалдық-техникалық базасын жақсартады.

Құқық бұзушылыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөніндегі шараларды жолға қояды.

Құқық қорғау органдары жергілікті билік органдарымен бірлесе отырып, осы бағыттағы іс-шараларды жүйелі түрде жүргізіп отырады.

Қылмысты болдырмау немесе оны мейлінше азайтуға бағытталған кешенді іс-шаралар әзірлеп, бұл мақсатта көшелерді жарықтандыруға, бейнекамераларды көптеп қойдыруға қол жеткізеді.

Әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыруды жүргізуді ұйымдастырады.

 Әскерге шақыру бөліміне жастарды тіркеу, оларды қарулы күштеріне қызмет етуге жібереді.

???? Өмірәлі Бердіғалидың мамандығы инженер-экономист. Алматы халық шауашылығы институтын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген. Салық полициясында аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкіл, Шымкент қаласының және Оңтүстік Қазақстан облысының салық басқармаларында, салық комитеттерінде, салық департаменттерінде түрлі басшылық қызметте болған. Салық басқармасының басшысы, Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта «Түркістан облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы болып қызмет атқарады.

"Amanat" (Nur Otan) партиясынан сайланған.

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, "Amanat" партиясының фракция мүшесі