18.06.2016

17 маусым күні ҮІ-шақырылымдағы аудандық мәслихаттың мемлекеттік заңдылық, азаматтардың еркі мен құқығын қорғау, депутаттық өкілеттілік және депутаттың этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның көшпелі мәжілісі өтті.

Көшпелі мәжіліс Бірінші Мамыр ауылдық мәдениет үйінде аудандық мәслихаттың тиісті комиссия мүшелерінің, округ тұрғындарының, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының, аудандық «Төлеби су шаруашылығы» МКК қызметкерлерінің, БАҚ өкілінің және т.б. қатысуларымен өтті. 

Тұрақты комиссияның күн тәртібінде «Бірінші Мамыр ауылдық округ аумағындағы ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді игеру мен мақсатты пайдалануда Бірінші Мамыр ауылдық округ әкімінің жүргізіп жатқан жұмыстары туралы» мәселе қаралды.

 

Тұрақты комиссия осы бағытта ауылдық округте біршама жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Жалпы ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер толық игеріліп, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп, суармалы жер 105 га ұлғайтылған, жылыжайлар  салынып, тамшылатып суару біршама жолға қойылған. Атап айтқанда, 2015 жылы 1300 га жерге бидай, 700 га  жерге арпа, 1350 га жерге  мақсары, 20 га жерге  күнбағыс, 665 га жерге жаңа  жоңышқа, 150 га картоп, 110 га жерге көкөніс егіліп, өнімі жиналып алынса, биыл 1720 га жерге бидай, 700 га арпа, 1220 га майлы дақылдар, 3625 га жерде бір жылдық, көпжылдық мал азықтық дақылдары, 150 га картофель және 110 га жерге көкөніс-бақша өнімдері егілген.

Солай бола тұра, жалпы – 7960 га егістік жердің 2588 гектары  суармалы алқап тиімді пайдаланбай жатқанына назар аударды. Мәселен, суармалы алқаптың 351 гектарына ғана ауыл шарушылық дақылдары (көкөніс-67 га, картоп-151га) егілгіп, суармалы алқаптың 13,5 пайызын ғана құраған.  

Агроқұрылымдарды ірілендіру сын көтермейді, көп уақыттан бері игерілмей жатқан жерлерді кері қайтару жұмыстары жоқ.

Сулы алқаптың өнімділігін арттыру барысында жұмыстар жасалмай, арық-атыздарға ұйық басып, су өткізгіштік қабілетін жоғалтқаны жайлы сын-ескертпелер айтылды.

Тұрақты комиссия осы жоғарыда аталып кеткен мәселелерді талқылап, төмендегіше қаулы қабылдады.

 

Аудандық мәслихаттың мемлекеттік заңдылық, азаматтардың еркі мен құқығын қорғау, депутаттық өкілеттілік және депутаттың этикасы мәселелері  жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бірінші Мамыр ауылдық округі аумағындағы ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің игерілуі мен мақсатты пайдалануы бойынша аудандық мәслихаттың мемлекеттік заңдылық, азаматтардың еркі мен құқығын қорғау, депутаттық өкілеттілік және депутаттың этикасы мәселелері  жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі, №10 сайлау округінен сайланған депутат Е.Майлыбаевтың және осы мәселе бойынша Бірінші Мамыр ауылдық округінің әкімі Е.Қадырбековтың  хабарламалары назарға алынып, тиісті аумақта атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға қарамастан ауыл әкімі бұл бағытта жұмыстарды агротехникалық талаптар мен ғылымның соңғы озық жетістіктеріне сай өркендете түсу қажеттігі атап көрсетілсін.

2. Жиында айтылған ұсыныс –пікірлер мен сын-ескертпелерді ескере келе ауыл әкіміне:

- аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімімен тығыз байланыс орната отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің есебін қайта жүргізіп, бұл саладағы көрсеткіштердің бірдей болуын қамтамасыз ету;

- аумақты ағын сумен қамтамасыз ету үшін «Төлеби су шаруашылығы» МКК бірлесе халыққа, суармалы жерлерге ағын суды жеткізу, елді мекендерде су пайдаланушылардың мұрабтарын сайлау, тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын кеңінен жүргізіп, сенбіліктер ұйымдастыру, халықты арық-атыздарды тазалау жұмыстарына жұмылдыру;

- ұсақ шаруа қожалықтарын біріктіріп, ірілендіру жұмыстарын  одан әрі жүргізу және округ аумағында пайдаланылмай жатқан  жерлерді кері қайтару;

- агроқұрылымдардың дамуын қадағалау мақсатында нарықтық экономиканың талаптарына сай, жер мониторингі жұмыстарын қолға алып, жүргізу;

- ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін тұрақты комиссияға жұмыстарды зерделеу мен талдау барысында орын алған кемшіліктерді қалпына келтіру бойынша шаралар қолданып, оның қорытындысы туралы жазбаша мәлімет беру  ұ с ы н ы л с ы н.

3. Осы қаулының орындалуын қадағалау комиссияның өзіне қалдырылсын.