12.03.2022

КӘСІПКЕРЛЕР ЖҰМЫСЫНА КӨҢІЛ БӨЛДІ

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Төлеби ауданындағы іс-сапары барысында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік грант алған азаматтардың жұмысымен танысты. Өмірзақ Естайұлы грант алып, кәсібін дөңгелетіп отырғандардың дайындаған өнімімен танысып, оның сапасына қойылатын талаптар жөнінде сұрақтар қойып, еңбектеріне табыс тіледі.

2021 жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында несие алуға 68 азаматқа жолдама беріліп, 38 азаматқа несие берілді. Жаңа бизнес идеяларын іске асыруға арналған мемлекеттік грант 70 адамға берілді. Бастау бизнес жобасы аясында 202 кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды.

Биылғы жылы аталған жобалар жалғасын тауып, шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында жеңілдетілген несиелер мен гранттар бөлінеді.

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, Amanat партиясының фракция мүшесі