14.03.2022

ДЕПУТАТТАРДЫҢ БАСТЫ БАСЫМДЫҚТАР БОЙЫНША ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТТЕРІ -14

 Төлеби аудандық мәслихатының жетінші шақырылымындағы депутаттары партияға дауыс беру арқылы жасақталды. Сайлау Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2021 жылы сайлауға партиялар түсіп, халық таңдауына сәйкес басым дауысқа ие болғандардан жергілікті мәслихат және Парламент Мәжілісі құралды.

 Былтырғы жылдың сайлау нәтижесіне сәйкес Төлеби аудандық мәслихатына 17 депутат іріктеліп, оның 13-і «Amanat» (Nur Otan) партиясынан, 2-і «Ақ жол» демократиялық партиясы, 2-і «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан сайланды. Аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаровтың тапсырмасына сәйкес, мәслихат депутаттарына міндеттер жүктеліп, олар тұрақты комиссиялар құрамына еніп, партияның фракцияларына мүше болды. Халық қалаулылары өзінің мамандығы, біліктілігіне сәйкес салалармен бірлесе отырып, жұмыс істейді. Аудан халқы кез – келген уақытта өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алу үшін саласына қатысты депутатқа жолығып, арыз-шағымын, өтінішін жеткізе алады.

 Сіздерге, 17 депутаттың әрқайсының атқаратын қызметтері мен оларға жүктелген міндеттер жөнінде әңгімелеуді жөн көрдік.

Тұрдалиев Дәурен Әуесбекұлы: қолайлы экономикалық орта немесе экономикалық тұрақты аудан құру бағытында жұмыс істейді.

Ауданда бюджет саясатының тиімділігін арттыру, барлық тиімсіз бағдарламалардан бас тартып, артық қаржыны негізінен қоғамдық мәселелерді шешуге бағыттау мәселесіне көңіл бөледі.

 Барлық бюджеттік шығыстарға міндетті қоғамдық сараптама жүргізуді қаматамасыз етеді.

Адал бәсекелестікке жағдай жасау, ауданға инвестиция тартудың жолдарын қарастырады.

Әрбір инвестициялық жобаны іске асыру үшін бағдарлама әкімшілерінің басшылары мен әкімдердің (аудан, қала және ауыл әкімдері) жеке жауапкершілігін белгілейді.

Аудан мен қала, ауылдық округ бюджеттерін қалыптастыру және олардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Тұрдалиев Дәурен Әуесбекұлының мамандығы зооинженер, инженер- сарапшы, экономист. Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтында зооинженер, Қазақстан – Ресей Халықаралық Университетінде инженер- сарапшы, Helsinki High Technical Institute (Жоғарғы техникалық Хелсинг Университеті), мамандығы – Economics and Menegment (Экономика және Менеджмент) мамандықтары бойынша білім алған. «Бірінші Мамыр» елді мекенінде «Қаратөте» ЖШС-ін негізін қалап, басшылық қызметін атқарған. «Диас» ЖШС-нің құрылтайшысы және басшысы, «Ернар Сервис» ЖШС-нің атқарушы директоры, «Асыл кеңес» ЖШС-нің директоры қызметтерін атқарған. Қазіргі кезде «АҚҚУ» сауда орталығының директоры. . «Amanat» (Nur Otan) партиясынан сайланған.

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, «Amanat»  партиясының фракция мүшесі