19.03.2022

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ НАУРЫЗ - КОНЦЕРТ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

 

Төлеби аудандық мәслихатына "Amanat" партиясынан сайланған депутат Ділмұрат Омаров Киелітас ауылдық округі тұрғындарына Ұлыстың Ұлы күніне орай Наурыз-концерт ұйымдастырды.

 "Париж" тойханасында өткен мерекенің қонақтары ардагер ұстаз Османәлі Қадыров, Төлеби аудандық күрді ұлттық мәдени орталығының бұрынғы төрағасы болған зейнет жасындағы Жыланбұзған ауылының қадірменді қариясы Махмұд Әлиев пен қазіргі төрағасы Темиров Салахаддин құттықтау сөз сөйледі.

 Депутат Ділмұрат Арзыматұлы осындай мерекені атап өтуге салтанат сарайын тегін ұсынған жеке кәсіпкер, еліне қайырымды азамат Абубакир Нарметовтің анасы Нарметова Шаруван ананы ортаға шақырып, алғыс білдірді. Шаруван ана көпшілікке наурыз батасын берді.

Округтегі "Рауан" балабақшасының тәрбиеленушілері мерекелік құттықтауларын жеткізді. Өзбек драма театрының өнерпаздары бұл күні әннен шашу шашып, көпшілікті де шыр айналдыра билетіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қызықты сахналық қойылымдарымен көрермендерді күлкіге шомылдырды.

 Көптен бері осындай тартымды шараға шөліркеп қалған тұрғындар серпіліп, жақсы көңіл күймен тарқасты. Халық қалаулысы Д.Омаровқа алғыстарын жаудырды.

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы Amanat партиясының фракция мүшесі