18.03.2022

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының "Жаңа Қазақстан:жаңару мен жаңғыру жолы" тақырыбындағы Жолдауын талқылау мақсатында Төлеби ауданы әкімдігі ғимаратында жиын өтті. Актив жиналысқа аудан әкімі Төлеген Телғараев,  "Amanat" партиясы Төлеби аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қуаныш Қансейітов, аудандық мәслихатқа "Amanat" партиясы атынан сайланған депутаттар, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, мүшелерімен бірге  қатыстым. Баскосуды аудан әкімі Төлеген Телғараев ашып, жүргізіп отырды.

Президент Жолдауында көрсетілген басты басымдықтар жөнінде "Amanat" партиясы Төлеби аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қуаныш Үсіпәліұлы баяндама жасады.

Президент жуық арада жүзеге асырылатын ауқымды саяси реформалар мен бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараларды жариялады.

Саяси реформалар бағдарламасында сайлау жүйесін жетілдіру, сайлау үдерісін жаңғырту, партия жүйесін дамыту мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері қарастырылған. Мәжілістің депутаттық корпусы аралас негізде құрылады. Яғни, парламентарийлердің 70 пайызы пропорционалды, 30 пайызы мажоритарлы тәртіппен сайланады. Партияларды тіркеу рәсімі айтарлықтай жеңілдетіледі. Оларды тіркеу шегін төрт есе, яғни 20 мыңнан 5 мыңға дейін төмендету ұсынылды, деді баяндамасында атқарушы хатшы.

Жарыссөзге шыққан аудандық мәслихат депутаты Ерболат Көшербайұлы хабарламасында Жолдауға қатысты пікірін жеткізді. " Мықты мәслихаттар өзекті мәселелердің шешімін табуға, аймақтың әлеуметтік экономикалық дамуына әсер ете алады. Мәслихаттардың рөлін арттырып дербестігін қамтамасыз ету үшін мәслихат төрағасы лауазымы енгізіледі, деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Тоқаев Президенттің өкілеттігін қайта қараудың маңызды екеніне тоқталды. Бұл ретте суперпрезиденттік жүйеден мықты Парламенті бар президенттік республикаға көшу мәселесіне назар аударды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының өз өкілеттігі кезінде партияға мүше болуын тоқтату міндетін заңнамалық тұрғыдан ресімдеуді, әкімдер мен олардың орынбасарларының партия филиалдарындағы қызметіне тыйым салуды ұсынды.

Ауқымды саяси реформалар еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіруге де қатысты болмақ. Президент Абай және Ұлытау облыстарын құруды ұсынды. Бұл облыстардың орталықтары Семей және Жезқазған қалалары болады. Мемлекет басшысы Алматы облысын екіге бөлу жөніндегі шешімін айтты.

Жиынды аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы қорытындылап, "Жолдауда көтерілген мәселелерді іске асыру – аудан халқының ортақ міндеті. Сондықтан ендігі кезеңде бір жеңнен – қол, бір жағадан бас шығарып, бір­лігімізді сақтай отырып, ынтымақ пен қа­жырлы еңбектің арқасында экономикасы дамыған, әлеуеті өркендеген жаңа Қа­зақстанды бірге құратын кез келді, ағайын!", деді аудан басшысы.

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, "Amanat" партиясының фракция мүшесі