04.04.2022

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ҚҰРАМЫ ЖАСАҚТАЛДЫ

Төлеби ауданында қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысында қоғамдық кеңес мүшелері іріктелді. Қоғамдық кеңеске 26 үміткер құжат тапсырып, жұмыс тобының шешімімен заң аясында екі азаматтың құжаттары қысқартылды, 24 кандидаттың біреуі өз еркімен бас тартып, біреуі келмей қалуына байланысты 22 азаматтың құжаттарын зерделеген жұмыс тобы оларға ҚР заңдарына қатысты, ситуациялық, бейімдік, уәждемелік, сұрақтар қойып, білімін, іскерлігін анықтады. Әр үміткердің еңбек өтілі, қоғамға деген көзқарасы, жеткен жетістіктері мен атқарған қызметтерін зерделей келе, бағалау парағы толтырылды, Нәтижесінде 14 үміткер кеңес құрамына таңдалып алынды. 7 азамат аудандық мәслихат хатшысының өкімімен бекітілді. Жалпы, аудан бойынша қоғамдық кеңес құрамына 21 азамат белгіленді.

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, Amanat  партиясының фракция мүшесі