06.04.2022

АУЫЛ МӘСЕЛЕСІ - АУДАН ӘКІМІНІҢ НАЗАРЫНДА

Аудан әкімі Төлеген Телғараев Қасқасу ауылдық округіне іс-сапары барысында азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдауға аудандық мәслихат хатшысы ретінде , аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер кеңесінің, қоғамдық кеңес төрағалары, зиялы қауым өкілдері, сала басшыларымен бірге  қатыстым.

Жеке қабылдауда болған Қасқасу елді мекенінің тұрғыны Мақұлбек Сәрсебеков Қуандық көшесіне жол ережесін сақтау мақсатында бейне бақылау орнату қажеттігін, ойын алаңшасы жанындағы облыстық маңызы бар көшеге жол кедергісін орнату керектігін сөз етті.

Аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы бүгінде тек аудан орталығына бейнебақылау орнату жұмыстары жүріп жатқанын, ауылдарда алдағы уақытта кезеңімен шешімін табатынын айтып, ал облыстық маңызы бар көшеге жол кедергісін орнату жөнінде ауданық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне тапсырма берді.

 Ерлан Бексейітов ауылдағы Б.Түлиев атындағы орта мектеп орналасқан жерден бастап Ұлан және Тастақ көшелеріне жалпы ұзындығы 3,1 шақырымға түнгі жарық орнату мәселесін көтерді. Жаңғақты бұлағынан келетін ағын су каналардан механикалық тазалаудан өткізу қажеттігін сөз етті. Аудан басшысы ауданның даму жоспарына сәйкес, биылғы жылы орталық көшелерге түнгі жарықтар қамтылса, ішкі көшелерге жарық тарту 2024 жылға жоспарланып отырғанын, Ұзын Жаңғақты каналы «Казсушар» РМК теңгерімінде болғандықтан, тазалау жұмыстарын жүргізу бойынша аталған мекемеге хат жолданғанын жеткізді.

Кеңесарық елді мекенінің тұрғыны Асанбай Жугунисов елді мекендегі 26 үйге қысқы және жазғы шілдеде «Бастаубас» бұлақ көзі тартылуына байланысты су құбырын тартып беруді өтінді. Аудан әкімі бұлақ көзін ретке келтіру бойынша мамандар зерттеу жұмыстарын жүргізетінін айтты.

 Жоғарғы Қасқасу елді мекенінің тұрғыны Жанбол Омаров Сырғанақты және Төрткүл көшесінің бойындағы 38 үйге ауыз су тарту қажеттігін, жекеменшік жер учаскелері аумағына еніп кеткен электр бағаналарын ауыстыру, жеке меншікке өткен жайылымдық жерлерді қайтару, балалар ойын алаңшасын орнату, Күйгелек каналының 5,2 шақырымын тазалау қажеттігі жөнінде әңгімеледі. Аудан басшысы бүгінде аудандағы 16 елді мекенде, оның ішінде Жоғарғы Қасқасу да бар жер-асты су қорларына барлау жұмыстары жүргізіліп отырғанын, егер аталған мекеме қорытындысымен су қорындағы дебеті жеткілікті болған жағдайда, құжаттары дайындалатынын, тұрғын үй аумағында орналасқан ескі бағаналарды алып тасталып, жаңдан орнатылатын бағаналар жолдардың бойына қойылатынын айтты. Жайылымдық жерді қайтару бойынша ауылдық округ әкімдігі ұсынған тізім бойынша 69,92 гектар жер телімін қайтару жұмыстары жүргізілуде. Ойын алаңшасын орнату мәселесі жергілікті бюджет арқылы шешімін табады. Күйгелек каналында жоспарға сәйкес тазалау жұмыстары жүргізілгенін, ағын су беруді ұйымдастыруды «Төлеби су шаруашылығы» мекемесіне тапсырды.

 Ешбір шағым ескерусіз қалмады. Мемлекеттік органдардың міндеті – мәселелерге құлақ түру және оның оңтайлы шешімін табуға тырысу. Осы мақсатта аудан басшылары аудандағы барлық елді мекендерде тұрғындарды қабылдау кестесін түзіп, халықтың пікірін тыңдап, атқарылған жұмыстар мен алға қойған мақсаттарды таныстырып жүр.

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, Amanat партиясының фракция мүшесі