07.04.2022

КОМИССИЯЛАРДЫҢ БІРІККЕН МӘЖІЛІСІНДЕ 9 МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

Төлеби аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының біріккен мәжілісі өтті. Жиынға аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес, мекеме басшылары, қала, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Басқосу барысында аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, аудандық ішкі саясат бөлімінде атқарылған жұмыстар барысы талқыланды.

Тұрақты комиссия мәжілісінің күн тәртібіне сәйкес, Төлеби аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 сәуірдегі №25/139-VI «Б» корпусы Төлеби аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық мәслихат аппаратының басшысы Айбек Абдрахманов хабарлады.

Жиында Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №21/114- VI «Сот шешімімен Төлеби ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы» шешімнің күшін жою мәселесі қаралды. Төлеби ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2022 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту мәселесін депутаттар талқыға алды.

Төлеби аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы №43/227- VI «Төлеби ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудан әкімінің кеңесшісі Ақмарал Қалменова баяндады.

Төлеби аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы №43/228- VI «Төлеби ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылы профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» аудан әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы Сұлу Акимова хабарлады.

Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекіту, аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту жөніндегі ұсыныстар қаралды.

 

 

Мәжіліс барысында көтерілген мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттары сала басшыларына сұрақтар қойып, ескерту, ұсыныс, шағымдар айтып, ол бойынша аудан әкімінің орынбасарлары Бақберген Құралбаев, Лесбек Серікбаев жауап берді. Комиссия отырысында зерттеліп, ұсыныс-пікірлер ескеріле отыра қаралған мәселелер ертеңгі өтетін аудандық мәслихаттың жетінші шақырылымдағы кезекті он алтыншы сессиясының күн тәртібінде қаралуға ұсынылды.

 

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, Amanat партиясының фракция мүшесі