08.04.2022

КЕЗЕКТІ ОН АЛТЫНШЫ СЕССИЯ ӨТТІ

 

Төлеби аудандық мәслихатының жетінші шақырылымындағы кезекті тыс он алтыншы сессиясы өтті. Жиынға аудандық мәслихатының хатшысы ретінде  төрағалық етіп, күн тәртібіндегі 9 мәселені қарадым. 

Олар:

1. Төлеби аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің есебі

2. Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімінің есебі

3.Төлеби аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 сәуірдегі №25/139-VI «Б» корпусы Төлеби аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы»

4.Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №21/114- VI «Сот шешімімен Төлеби ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы»

5.Төлеби ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2022 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы.

6.Төлеби аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы №43/227- VI «Төлеби ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы»

7. Төлеби аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы №43/228- VI «Төлеби ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылы профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы»

8. Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы

9. Төлеби аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы

Сессия жұмысына аудан әкімі Төлеген Телғараев, аудан әкімінің орынбаслары, дербес бөлім, мекеме басшылары, қала, ауылдық округ әкімдері, ардагерлер кеңесінің төрағасы, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты. Сессия барысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті сала басшылар баяндама жасады. Өз кезегінде депутаттар бір қатар сауалдар қойып, тиісті шешімдер қабылдады. Сессияда сөз алған аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша және ауданның дамуына елеулі үлес қосатын маңызды шешімдер қабылдануына қолдау жасағандары үшін алғыс білдіріп, жаңадан жасақталып іске кіріскелі отырған қоғамдық кеңес мүшелерінің жұмыстарына сәттілік тіледі.

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, Amanat партиясының фракция мүшесі