14.04.2022

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН НАСИХАТТАУШЫ ТОП ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУДЕ

Президент Жолдауы – стратегиялық құжат.  Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың 2022 жылдың 1 сәуірдегі   №92 өкімімен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» тақырыбындағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы  қамтылған басымдықтарды халыққа жеткізуде арнайы топтар құрылды. Олардың құрамында аудандық мәслихат депутаттары мен зиялы қауым өкілдері және басқа да белсінді азаматтар бар. Ал,  Жолдау аясында ауданда  біршама ілкімді істер атқарылады

Топ мүшелері аудан аумағындағы барлық ауылдық округке  арнайы барып, Жолдауды түсіндіріп, халықтың жай-күйі, тыныс-тіршілігімен танысуда.  Жаңадан құрылған қоғамдық кеңес мүшелері насихат тобының құрамына еніп, Жолдауда айтылған жаңалықтарды түсіндіруде.  

Жолдауда айтылған негізгі 10 бағытқа тоқтала кетсек:

«Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолының» негізгі бағыттарын:

1.Президенттің өкілеттігі туралы.

2.Өкілді билік тармағын қайта құру.

3.Сайлау жүйесін жетілдіру.

4.Партиялық жүйені дамыту мүмкіндіктерін кеңейту.

5.Сайлау үдерісін жаңғырту.

6.Құқық қорғау институттарын күшейту.

7.Бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілетін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту.

8.Еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру.

9.Жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру.

10.Дағдарысқа қарсы кезек күттірмейтін шаралар туралы.

Президент Қ.Тоқаевтың бүгінгі жолдауы саяси жаңғырған жаңа Қазақстанды дамытуда өте үлкен мәселелерді шешуді міндет етіп қойды жолдаудың мәні айрықша екенін айтты. Кәсіптік бағдар беру бойынша аймақ мектептерімен байланыстар орнатып, мамандықтар туралы және ғылым жайында түсініктер беріп, көмек көрсету. Бүгінгі жолдау қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты екені белгілі. Осы орайда, сындарлы саясат жүргізе алатын, елдің тұрақтылығы мен өркендеуіне үлес қосатын бәсекеге қабілетті маман кадрларды тәрбиелеу маңызды болып саналады. Қоғамға өзгеріс керек екенін дәлелдеп отырған халық бұл жолдаудан үлкен өзгерістерді күткені рас. Соның айғағы болатын 10 бағытқа құрылған жолдау жаңа да тың серпілісті қамтыды. Саяси кешенді бағдарламаларды көздейтін жолдау құр сөзге емес, нақты нәтижеге құрылатынын атап айтты. Партия құру мен тіркелудегі ашықтық, еркіндік, сайлау жүйесіндегі тәуелсіздік және оның электронды дауыс беру жүйесін орнатуды көздеген пікірі заман ағымына сай қарастырылған мүмкіндік деп есептейміз. Сайлау жүйесіндегі пропорционалды бөлу, яғни 70/30 пайыздық өлшеммен  мәжіліс депутаттарынан да құралатынына тоқталды. Мәжіліс депутаттары пропорционал-мажоритар жүйе бойынша жасақтала бастайды. Ал, аудандық мәслихат бұрынғы сайлау жүйесімен қалыптасады. Бұл халық мүддесі үшін күресе алатын шынайы патриот иесін, халқының мүддесі үшін қызмет ете алатын азаматтарымыздың қатарын көбейтетіні рас. Бұл жаңа үлгі әртүрлі көзқарастағы адамдардың тең құқығы мен пікір ашықтығы сайлауға қатысуға мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды суперпрезиденттік басқару жүйесінен "парламенті мықты президенттік жүйеге" көшіруді ұсынды.  Содан кейін президенттің өкілетін қысқартып, оның орнына парламенттің рөлін күшейту қажеттігіне назар аударды. Сонымен қатар, Тоқаев президенттің жақын туыстарына саяси, мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға заңмен тыйым салу керек екенін айтты.

Президенттің Сенаттағы депутаттарды тағайындау квотасы 15-тен 10-ға дейін қысқарады. Оның ішіндегі 5 депутатты Қазақстан халқы ассамблеясы ұсынады. Нәтижесінде Мәжілістегі депутаттар саны қысқарады. Сондай-ақ, Тоқаев республикалық бюджеттің сапалы орындалуын бақылауды күшейту мақсатында есеп комитетінің орнына Жоғары аудиторлық палата құруды ұсынды. Ол палата жылына екі рет Мәжіліс депутаттарына есеп беруге тиіс.

Президент халыққа жолдауында Қазақстанда саяси партияларды тіркеу процедурасын жеңілдету қажеттігін атап өтті. Партияны тіркеуге қажет қол саны 20 мыңнан 5 мыңға, яғни төрт есеге азаяды. Ал партияны құру үшін бастамашыл топқа бұрын мың адам керек болса, енді оның саны 700-ге қысқармақ.

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, Amanat партиясының фракция мүшесі