14.04.2022

«МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ПОЛИЦЕЙІМ» АТТЫ АКЦИЯСЫ

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына байланысты,өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалықты қалыптастару және ынталандыру мақсатында, 08.03.2022 жылы Төлеби АПБ-нің басшы құрамының бастауымен Төлеби ауданы, Бірінші Мамыр ауылында жасөспірімдер арасында «Көкпар ұлттық спорт» ойыны өткізілді.

Ойында белсенділік танытып,ерекше көзге түскен Бірінші Мамыр жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушылары 2005 ж.т. Жамал Бағлан Нұрлыбайұлы және 2006 ж.т. Арапбай Серікболсын Ержанұлын 2022 жылдың сәуір айының 11-15 аралығында «Мен және менің полицейім» атты акциясы өтуіне орай, ата-аналарымен бірге арнайы шақырылып, полицияның күнделікті тыныс-тіршілігімен таныстырылып, Төлеби аудандық полиция бөлімі бастығының «Алғыс хаты» мен арнайы спорттық киімдер және сыйлықтар табыс етілді. Өз кезегінде ата-аналар тарапынан полиция қызметкерлеріне  алығыстарын жеткізді. 

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, Amanat партиясының  мүшесі