14.04.2022

ПАРТИЯНЫҢ ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін мәслихат хатшысы ретінде «Amanat» партиясының Төлеби аудандық филиалының кезекті фракция отырысына қатыстым.

Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мансұр Ашрапов партияның 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының 2021 жылғы қорытындысы және 2022 жылдың 3 айында орындалуы барысы бойынша баяндама жасады.

Жол картасы негізінде 2021-2025 жылдарға 163 іс-шара қаралып, оның 124-і былтырғы жылға жоспарланған. Жоспар 94,4 пайыз жүзеге асып, 4 іс-шара биылғы жылға өтпелі болуда.

Аталған бағдарламама аясында 2022 жылға 117 іс-шара жоспарланып, 3 айда оның 20-ы орындалған.

Партия филиалы жанындағы қоғамдық кеңестердің жұмысы мен барлық деңгейдегі депутаттық фракция мүшелерінің рейтингісін қалыптастыру жұмыстары туралы атқарушы хатшы Қуаныш Қансейітов баяндама жасады.

Рейтингті ендіру арқылы билеуші партиядан сайланған депутаттардың қызметін жандандыруға, халықпен кері байланысты күшейтуге және жергілікті жерлерде сайлауалды уәделердің іске асырылу тиімділігін арттыруға жүйелі серпін береді.

Рейтинг «Amanat» партиясынан сайланған депутаттардың , мәслихат хатшылары мен фракция жетекшілері қызметінің айқындығы мен есептілігіне бағытталған медиа белсенділікке және жұмыстың түпкілікті нәтижелеріне бағдарлайды. Барлық деңгейдегі мәслихаттардағы «Amanat» партиясының депутаттарын кешенді түрде бағалау электронды платформа арқылы жүзеге асады.

Жиынды барысында аудандық партия филиалының төрағасы Төлеген Телғараев сайлауалды бағдарламада жүзеге аспау қаупі бар жобалар бойынша салалық басқарламаларға хат жолдау қажеттігін, депутатардың рейтингілерін арттыру бойынша жұмыс жүргізу керектігін, алдағы бюро мәжілісінде атқарылған жұмыстары бойынша әр депутаттың есебін тыңдауды ұсынды.

Басқосуды қорытындылаған атқарушы хатшы,фракция жетекшісі Қуаныш Қансейтов Жол картасын жүзеге асыру мақсатында жұмысты жандандыру қажеттігін айтты.

Фракция мәжілісінде қаралған мәселелер назарға алынып, қаулы қабылданды.

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, Amanat партиясының мүшесі