18.04.2022

АЛАЯҚТЫҚТАН САҚ БОЛЫҢЫЗДАР!

Төлеби ауданы Ленгір қаласында көпқабатты тұрғын үй құрылысы қарқын алуда. 2011 жылдан осы кезеңге дейін 15 үй көпқабатты үй пайдалануға беріліп, нәтижесінде 753 отбасы баспаналы болды Биылғы жылы 180 пәтерлі 9 үйдің құрылысы жүргізіліп, наурыз айында 120 пәтер ел игілігіне ұсынылып, қалған 60 пәтердің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Көпқабатты пәтерлер «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, санаттар бойынша кезекте тұрғандарға ғана беріледі.

????Бүгінгі күнге аудан бойынша барлығы – 4520 азамат тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекке тіркелсе, оның көп балалы отбасылар санатында - 807 адам, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары санатында – 1934 адам, мемлекеттік және бюджеттік мекеме қызметкерлері санатында – 1469 адам, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатында – 310 адам бар.

????Көпқабатты тұрғын үйден пәтер алудың жолдарына тоқтала кетсек. Заң аясында кезек реттілігі сақтала отырып, кезегі жеткен отбасылардың құжаттары аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық жолауылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде толықтырып, жаңартылады.

Құжаттардың сәйкестігін зерделеніп, комиссия қарауына жібереді. Комиссия шешімінен кейін, аудан әкімінің қаулысы шығып, қаулы негізінде кезекте тұрғандарға пәтер алу ордері дайындалып, келісім-шарт түзіледі.

????Қорыта айтқанда, пәтерлер тек заң аясында тиісті кезектілігі сақтала отырылып, берілгендіктен, кезексіз пәтер алып беруге көмек беремін деп, жанашырлық танытқан бөгде адамдарға алданып қалмаңыздар, алаяқтықтан сақ болыңыздар.

©️Төлеби аудандық мәслихат аппаратының баспасөз қызметі