19.04.2022

МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ ХАЛЫҚ АМАНАТЫН АРҚАЛАП, ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕ

«Amanat» партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ұйым жұмысын қайта құруды тапсырып, қоғамдық қабылдау бөлмелері тек шағымдармен ғана емес, елді дамыту бойынша нақты идеялармен келетін азаматтар үшін өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салатын орынға айналуы тиіс екенін атап өткен болатын. Осы орайда, партияның аудандық филиал ғимаратында қоғамдық қабылдау бөлмесі іске қосылып, депутаттар аудан тұрғындарының сауалдарына онлайн және офлайн жауап беруге мүмкіндік алды.

✔️Бекітілген кестеге сәйкес, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров жеке және заңды тұлғаларды өтініштері бойынша қабылдады. Қабылдауға онлайн хабарласқан Көксәйек ауылдық округі Қазақстан елді мекенінің тұрғыны балаларының әкесі ашу судың салдарынан отбасында жиі жанжал шығарып жүргенін, балаларға зәбір көрсетіп, ұрып соғатынын айтып, оның үстінен учаскелік полицияға шағымданғанымен, шара көрілмейтінін айтты.

✔️Журналист Ләззат Асанова аудандағы қоқыс тастайтын полигон жұмысына қатысты ой-пікірлерімен бөлісіп, Бірінші Мамыр ауылдық округіне қарасты мектептердің бірінде білім алып жүрген, кәмелетке толмаған жасөспірімнің жоғалып кетуіне байланысты, іздестірудің нәтижесі жоқ екенін жеткізді.

✔️Зейнеткер ұстаз Әлима Темірбаева 90 жастан асқан анасының айтар әңгімесі көп екенін, бірақ жергілікті билік өкілдері оны айтулы мерекемен құттықтап бармайтынын айтып, ренішін білдірді.

✔️Нұрлан Хамзаұлы ауыл тұрғынының шағымына байланысты сала басшыларына хабарласып, отбасыңдағы зорлық-зомбылыққа қарсы шара қолдануды ұсынды. Лаззат Балтабайқызының қабылдауда көтерген мәселелері бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесін көрсете отырып, жазбаша жауап беретінін айтты. Ал, қарт ананы жуық арада өзі іздеп барып, хал-жағдайымен танысып қайтуды мақсат еткенін жеткізді.

✔️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Халықтың билікке деген сенімі оның нақты іс-әрекетіне қарай артады. Ел ішін жиі аралап, жағдайларын көзбен көру керек» деген болатын. Бүгінде аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Хамзаұлы, аудандық мәслихат депутаттары ауылдық округтердегі бастауыш партия ұйымы жанынан ашылған қоғамдық қабылдау бөлмелерінде жиын өткізуде. Бұған қоса, Нұрлан Қойбағаров аудан әкімі Төлеген Телғараевтың халықпен кездесу жиынына қатысып, халықтың мұң-мұқтажын, арыз-шағымын назарына алуда. Мәслихат хатшысы ауыл халқы көтерген мәселелерді зерделеп, оның тиімді шешілуіне ықпал етуде.

©️Төлеби аудандық мәслихат аппаратының баспасөз қызметі