24.06.2016

24 маусым күні VІ - шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезекті бесінші сессиясы өтті

Сессия жұмысына №16 сайлау округінен сайланған депутат, қалалық аурухананың бас дәрігері Ж.Нышанов төрағалық етіп, жүргізіп отырды.

Мәслихаттың кезекті бесінші сессиясы төмендегі мәселелерді қарап, тиісті шешімдер қабылдады.

Атап айтқанда, бірінші - 2015 жылға арналған аудан бюджетінің орындалуы туралы мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Ашрапов баяндама жасады, 2015 жылға арналған аудан бюджетінің орындалуына қорытындыны облыстық тексеру комиссиясының тексерушісі С.Ж.Сұлтанбеков және қосымша баяндаманы аудандық мәслихаттың №3 сайлау округінен сайланған депутаты, тиісті тұрақты комиссия төрағасы Д.Айтбаев жасады. Облыстық тексеру комиссиясының қорытындысы мен қосымша баяндамада аталып өткен кемшіліктер бойынша тиісті мекеме басшылары тыңдалып, алдағы уақытта кемшіліктерді болдырмау мақсатында ұсыныстар айтылып, тиісті шешім қабылданды.

Күн тәртібіндегі 2-мәселе «Ауданның кейбір елді мекендерінің бас жоспарын бекіту туралы» мәселе бойынша аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Г.Зиятова хабарлама жасап, ауданның 10 елді мекенінің әзірленген бас жоспарларының оңайландырылған нұсқасы мен топотүсірілімінің схемалары бекітілді.

Үшінші, Төлеби аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды. Атап айтқанда, 1. Төлеби аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы №28/135-V «Төлеби аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы. 2. Төлеби аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы №40/192-V «Төлеби аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» Төлеби аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы №28/135-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 3. Төлеби аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 маусымдағы №41/201-V «Төлеби ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешімдері.

Төртінші мәселе - ОҚО ІІД Төлеби АІІБ Жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымына тағайындау туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Б.Атамқұловтың 22.06.2016 жылғы №10/4623 санды хаты түсуіне байланысты, күн тәртібіне енгізіліп, облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Зұлпыхаров Мұсабек Ханиұлы хабарламасында кандидат Аитов Абзал Махамедлативұлымен және оның атқарған қызметтерімен таныстырды. Ұсыныс қабылданып, депутаттар корпусы кандидатқа келісімін берді.

Бесінші мәселе – алдағы болатын кезекті сессия төрағасы болып аудандық мәслихаттың №17 сайлау округінен сайланған депутаты Татыбаев Қайдар Бердібайұлы сайланды.