29.04.2022

ФЕЛЬДШЕРЛІК-АКУШЕРЛІК ПУНКТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

«Азаматтарымыздың денсаулығы – «Amanat» партиясының негізгі басымдықтарының бірі. Біз отандық денсаулық сақтау жүйесі білікті кадрлармен, заманауи құрал-жабдықтармен, диагностика және емдеу әдістерімен қамтамасыз етуге бағытталған тиімді шараларды қажет етеді деп санаймыз» деп көрсетілген партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасында.

Аталған бағдарлама негізінде елді мекендерде денсаулық сақтау мекемелерін іске қосу қолға алынуда. Партияның сайлауалды уәделерін орындау бойынша Жол картасының индикаторларын орындау бойынша түзілген бағдарламаның 3,1 тармағында Алғабас, Екпінді, Жамбыл елді мекендеріне фельдшерлік-акушерлік пунт құрылысын жүргізу көзделген.

Былтыры жылы  Төлеби ауданы Алатау ауылдық округі Екпінді елді мекенінде фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратының құрылыс жұмыстары жүргізілді. Медициналық мекеме ғимаратының құрылысына Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы тапсырыс беріп, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік серіктестігі негізінде атқарылуда. Құны 118 млн теңге тұратын  ФАП ғимаратының құрылысын «Satti Group» ЖШС –і атқарды.

Фельдшерлік – акушерлік пункт 15 бөлмеден тұрады, бұл жерде күндізгі стационар жұмыс істейді. Дәрігердің қабылдауында болған науқас емін алысқа бармай, осы жерде қабылдауына толық мүмкіндік қарастырылған. Бүгінде денсаулық сақтау мекемесінің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, қажетті медициналық құрал-жабдықтар орнату жұмыстары жүргізілуде. 

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, «Amanat» партиясының мүшесі