29.04.2022

“ҚАЗЫҒҰРТ БАҚТАРЫ” АШӨК ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

«AMANAT »партиясының 2025 жылға дейінгі «ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫ: ӘР АЗАМАТҚА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР!» атты сайлауалды бағдарламасы – біз қолға алған реформалардың заңды жалғасы. Жаңа бағдарлама – аса ауқымды, бірақ нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарлар жиынтығы.

Бүгінде партиямыздың өзіндік дәстүрі, қол жеткен табысы мен тәжірибесі, қатары қалың жақтастары бар. Партияның республикалық сайлауалды бағдарламасы алғаш рет 216 аймақтық бағдарламада егжей-тегжейлі көрініс тапты.

Төлеби ауданыныңда өзіндік сайлауалды бағдарламасы бекітілген болатын. Бағдардарлама орындалуын бақылау мақсатында , «AMANAT » партиясының Төлеби аудандық филиалының атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі Қ.Қансейтов,партия жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы А.Омаров, аудандық мәслихат депутаты , фракция мүшесі Е.Жабаев және Кемеқалған ауылдық округі әкімі аппараты мамандарымен бірге Кемеқалған ауылдық округінде орналасқан “Қазығұрт бақтары” АШӨК не тиесілі алма бағына барып , бақтың агрономымен тілдесіп, қиындық туып жатқан мәселелерін тыңдап, билік тарапынан шешілуі мумкіндігі бар мәселелерге атсалысуға уәде берді. 

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, "Amanat" партиясының мүшесі