29.04.2022

ТӨЛЕБИДЕ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Бүгін Төлеби ауданының халықты жұмыспен қамту орталығынының ұйымдастыруымен «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті. Аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаевтың айтуынша, шараның басты мақсаты - жастардың, жұмыссыз азаматтардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыру, жұмысқа орналастыру болып табылады.

"Amanat" партиясы сайлауалды бағдарламасында «Алғашқы жұмыс орны» жобасы іске қосылатынын айтты. Жас кәсіпкерлерге жаңа бизнес-идеяларын іске асыруға жыл сайын грант беріліп, «Бастау Бизнес» жобасының шеңберінде өз бизнесін ашу дағдыларын үйрету мәселелері айтылды.  «Жасыл Ел» жобасының шеңберінде жастар жыл сайын жазғы мезгілге жұмысқа орналастырылады.

Сондай-ақ, ауылдық жерлерге жас мамандарды тартуға және оларды тұрақтандыруға қажетті жағдай жасау қажеттігі айтылды.  Партияның сайлауалды уәделерді орындау бойынша Жол картасының индикаторларын орындау бағдарламасына сәйкес, аудан аумағында 850 жасты тұрақты жұмыспен қамтып, «Бастау-бизнес», «Бизнес – кеңесші» курсымен жыл сайын 220 ден аса азаматтарға өз кәсібін ашуға және бизнес жобасына сәйкес қаржыландыруға ұсынылуда. Аудандағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында өткен жәрмеңкеге «Компания ФудМастер-Шымкент» ЖШС, «Әсель» өндірістік кооперативі, «Назар текстиль» ЖШС сияқты өндіріс орындары мен кәсіпорындар, аудандағы мемлекеттік мекемелерден барлығы 22 жұмыс беруші қатысып, 136 бос жұмыс орындарын ұсынды.

Жәрмеңке барысында тұрғындар жұмыс беруші мекемелердің өкілдерімен еркін сұхбат құрып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. Сонымен бірге өз түйіндемелерін тапсырды.

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, «Amanat» партиясының мүшесі