01.05.2022

90 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

Қасиетті Рамазан айында Төлеби аудандық мәслихат хатшысы ретінде   "90 жылға 90 игі іс" аясында аудандағы аз қамтылған 90 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілуіне бастамашы болдым. 

 

Асыл дінімізде мұқтаж жанға көмектесудің сауабы мол екені айтылса, "AMANAT" партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасында азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыру қажеттігі көрсетілді. Сондай-ақ, қамқорлыққа мұқтаж отбасылардың экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында әлеуметтік көмек көрсету, кәсіпкерлікке баулу, қолдау, отбасылық жұмыспен қамтуды дамыту бойынша шаралар қабылдау міндеті белгіленді.

Сайлауалды уәдерлерді орындау бойынша Жол картасының индикаторларын орындау бағдарламасының 3,4,2 және 3,4,3 тармақтарында көрсетілгендей "Қамқорлық" жобасы аясында қайырымдылық жне демеушілер есебінен 90 жалғызбасты және әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларына көмек көрсетілді. 

 

Ал, халқымыз өзіңде барды өзгемен бөлісу, сондай-ақ, қайырымдылық жасаудың шарапаты шексіз екенін әрқашан дәріптеген.

Бұл тұрғыда, дана халқымыз «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деп те айтқан. Сондықтан болар, қазақ халқында әрқашан алыстағы ағайын мен көршінің жай-күйін назардан тыс қалдырмайтын адамды жомарт деп атаған.

Бүгінгі күннің атымтай жомарттары тапқан табысының бөлігін қайырымдылық шараларға бөліп, қиын жағдайға тап болған отбасыларын өз қамқорлығына алып отыр.

90 отбасыға қайырымдылық көмек көрсеткен кәсіпкер, ауданның "Құрметті азаматы" Бегалы Рыспаевқа аудандық мәслихат хатшысы ретінде, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаевпен бірге  алғысымды  білдірдім. Ауданның бас имамы Үсен Саурбаев игілікті істі ұйымдастырған азаматтарға Алланың нұры жаусын деп дұға тілегін жеткізді. Қайырымдылық іс-шараны Ленгір қаласының әкімі Нұргелді Клушев пен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Жұмабаев ұйымдастырып, ел алғысына бөленді.

 

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, "Amanat" партиясының мүшесі