03.05.2022

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 55,6 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ

Төлеби ауданы аграрлы аймақ болып табылады. Тау баурайынан орын тепкен ауданның ауыл шаруашылығы  - тауарлы бидай өсіруге маманданған. Ауданда мақсары, арпа, көкөніс,  картоп  өсіріп, жеміс-жидек өсіріледі.  Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 30,0%-ын ет өндірісі, 17,5%-ын дәнді дақыл, 15,0%-ын сүт, 9,6%-ын көкөніс құрайды.

«Amanat» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты  сайлауалды бағдарламасында «Біз ауылдың әлеуетін барынша жүзеге асыру үшін ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға жағдай жасаймыз. 2025 жылға қарай ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,3 есе, АӨК-гі еңбек өнімділігі 2,5 есе, экспорт – 2 есе ұлғайып, өңделген өнімнің үлесі 70%-ке жеткізіледі. Біз өзімізді елімізде өндіретін негізгі азық-түлік тауарларымен толық қамтамасыз етеміз. Қала және ауыл халқының 100%-і сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізеді», деп көрсеткен болатын.

Аталған бағдарламаны жүзеге асыру бағытында ауданда көптеген жұмыстар атқарылды. Атап айтар болсақ, ауылшаруашылық саласындағы  өнім көлемі былтырғы жылы  55,6 млрд теңгені құрады. Оның ішінде: егін шаруашылығында 21 млрд теңге, мал шаруашылығында 34 млрд теңге.

Сайлауалды уәделерді орындау бойынша Жол картасының индикаторларын орындау бағдарламасының  1,2 тармағы, 2,6 тармағы, 2,8 және 2,9 тармағы, 2,10 тармақтарының орындалу барысына тоқтала кетсек: Көксәйек ауылдық округіндегі «АДС Агро» ЖШС-і 1800 бастық мал бордақылау алаңын 3000 басқа ұлғайтты. Бүгінгі күнге, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан 610 млн теңге несие алып, мал алу жұмыстарын жүргізуде. Ауданда мал шаруашылығын дамыту мақсатында 69 бірлік шағын мал бордақылау алаңдары, 26 бірлік шағын сүт фермалары ашылып, 600 млн. теңге инвестиция тартылды. Ауданның агроқұрылымдары 83,5 га қарқынды алма бағын отырғызып, 540 млн. теңге инвестиция қосылды.  Аудандағы суармалы жерлерді тиімді пайдаланып, 2 рет өнім алу бағытында 170 жобалар белгіленіп, жұмыс жүргізілді.   Кемеқалған ауылдық округінде «Қазығұрт бақтары» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі 500 тонналық қойма құрылысын өз қаржысы есебінен жүргізуде. Тартылған инвестиция көлемі 150 млн теңге. Сондай-ақ,  ЖК «Манап Қайрат» – қосымша  1 га жылыжай құрылысын жүргізді. Жоба құны – 220 млн теңгені құрады.

Жол картасы индикаторының 2,11 тармағында көрсетілгендей, былтырғы жылы 8000 мыңға жуық  гектар жайылымдық жер заң аясында мемлекет меншігіне қайтарылды.

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, «Amanat» партиясының мүшесі