25.08.2016

"Мектепке жол" акциясы өтті.

      Жылдағы дәстүр бойынша аз қамтылған отбасыларға көмек ретінде "Мектепке жол" акциясы жалғасын тапты, "Бақытты

  балалық шақ мекені" атты үндеумен ұйымдастырылған іс-шара "Ғарыш" кинотеатрында өтті. Жиналғандарды аудан мәслихатының хатшысы Н.Қойбағаров жаңа оқу жылымен құттықтап, акцияның маңыздылығы жөнінде түсіндіріп өтіп, демеушілерге алғысын жеткізді.

       Акция барысында 272 оқушы облыстық және аудандық демеушілер есебінен мектеп формасы мен оқу құрал - жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Облыстық демеушілер есебінен 50 бала қамтылды.

Аудандық демеушілер есебінен 222 бала қамтылды.