04.05.2022

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА БӨЛІНГЕН ЖЕР ТЕЛІМДЕРІНЕ ИНЖЕНЕРЛІК-КОММУНИКАЦИЯ ЖҮЙЕЛЕРІ ТАРТЫЛУДА

"AMANAT" партиясы  өзінің сайлауалды бағдарламасында аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жанжақты арттыруды қолдайтынын көрсетті. Осы бағытта «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» партиялық жобаларын іске асыру жалғастырылады. Нәтижесінде аудан тұрғындары таза ауыз суға, сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізетіні айтылды.

Сайлауалды уәделерді орындау бойынша Жол картасының индикаторларын орындау бағдарламасының 2,6,1 және 2,6,2 тармақтары мен 2,6,3 және 2,6,4 тармақтарына сәйкес, елді мекеннің бас жоспарына сәйкес тұрғын үй құрылысына бөлінген жер телімдеріне инженерлік-коммуникация жүйелері тартылуда.

Халықты тұрғын үй салуға жер телімдерімен қамту мақсатында 216,7 гектар немесе 1007 жер телімін құрайтын, 5 (Көксәйек, Зертас, Бірінші Мамыр, Қаратөбе, Қайнар) елді мекендерде инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылыстарын (ауыз су, электр жүйесі) жүргізу үшін республикалық бюджет есебінен 1 млрд 264 млн теңге қаралып, құрылыс жұмыстары аяқталды.  Бірінші Мамыр елді мекенінің ауыз су және электр желілерінің және Қайнар елді мекенінің ауыз су құрылыстары 2022 жылға өтпелі.

Республикалық бюджеттен 5 елді мекендердің (Көксәйек, Зертас, Бірінші Мамыр, Қаратөбе, Қайнар) инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылыстарына (табиғи газ, сымтетік желісі, автомобиль жолдары) және Ленгір қаласының Алатау мөлтек ауданына электр жүйесі, автомобиль жолдары құрылысын жүргізуге 7 млрд 739 млн теңгенің жобалары қаржыландыру үшін  ұсынылды.

Аудан бюджетінен 22,0 млн теңге қарастырылып, Тасарық, Ханарық, Момынай, Қасқасу елді мекендеріндегі жаңа массивтеріне инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысын жүргізу үшін (ауыз су, табиғи газ, сымтетік желісі, электр жүйесі, автомобиль жолдары) жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде.

Ленгір қаласы Алатау мөлтек ауданындағы инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасын (ауыз су, табиғи газ) әзірлеу үшін аудандық бюджет есебінен 21 млн теңге қарастырылды.

Демеушілер есебінен Ленгір қаласы Шаңырақ мөлтек ауданында инженерлік-коммуникация құрылысын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеп, сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде.

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, "AMANAT" партиясының мүшесі