04.05.2022

АУДАНДЫ ГАЗДАНДЫРУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

"AMANAT" партиясы өзінің "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір" атты сайлауалды бағдарламасында  2025 жылға қарай халқы 900 мыңнан астам адамды құрайтын 246 ауыл газбен қамтылады деп көрсетті. Ал, партияның аудандық филиалы газдандыру жобасы бойынша 48 елді мекендегі 98174 халықтың 83,7%-ы немесе 25474 тұрғын үйі табиғи газды пайдаланып отырғанын,  қалған 7 елді мекенді табиғи газбен  қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілетінін айтты. 

«AMANAT» партиясы:

➢ 2021 жылы 3 елді мекенінде (Диханкөл, Ұзынарық, Алшалы)

ұзындығы 42,3 шақырымдық (құны – 552 млн. теңге);

➢ 2022 жылы 4 елді мекенінде (Қасқасу, Жоғарғы Қасқасу, Керегетас,

Кеңесарық) ұзындығы 65,7 шақырым (құны – 846 млн. теңге) газдандыру жұмысына ықпал етті. Нәтижесінде 2025 жылға қарай аудан тұрғындары газбен 100% қамтамасыз етіледі.

Сайлауалды уәделерді орындау бойынша Жол картасының индикаторларын орындау бағдарламасының 2,3,1 және 2,3,2 тармақтарына, 2,3,3 тармағына сәйкес, ауданда газдандыру жұмыстары толығымен жүзеге асуда. 

Сонымен қатар, Ленгір қаласының Күмістөбе және Кенші көшесін, Достық елді мекенінің Астана көшесін, Киелітас елді мекенінің Қарауылтөбе, Қорған көшелерін, Қарақия елді мекенінің Қарақия көшесін газбен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 145 млн теңге қарастырылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Ауданның елді мекендерінің қалып кеткен көшелерін толық табиғи газбен қамтамасыз ету үшін құны 54 млн теңгенің жобасына сараптама қорытындысы алынып, «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында тиісті қаржылар қарастырылды. Нысандар 2022 жылға өтпелі (Көксәйек елді мекені Жастар, Төлеби көшелеріне, Жіңішке елді мекені Тұрсынбай көшесіне және Алғабас елді мекені Социал көшесіне).

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, "AMANAT" партиясының мүшесі