04.05.2022

ОКРУГТЕ АУЫЗ СУ ЖӘНЕ АҒЫН СУ МӘСЕЛЕСІ БАР

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың Бірінші Мамыр ауылдық округі халқымен кездесуінде түйткілді мәселелер айтылып, шешімін күткен сұрақтарға жауап берілді.


2021 жылы атқарылған жұмыстар мен биылғы жылы жүзеге асатын жобалар жөніндегі аудан әкімінің баяндамасынан кейін тұрғындар өзекті тақырыптарда әңгіме қозғады.

Ауыл тұрғыны аумақтан жастарға кәсіби білім беретін білім ошағы ашылса деген ұсыныс айтса, құбырлардың жарамсыздығынан ауыз су тұрақты берілмейтініне шағымданды. Зағамбар елді мекенінің тұрғыны ауыз су, ағын су тапшылығын сөз етіп, түнгі жарықтандыру қажеттігін айтты. Округ халқы санының өсуіне байланысты, аурухана іске қосу мәселесі де қозғалды. Сондай-ақ, Бейнеткеш, Жаңажол елді мекендерінде ауыз судың берілуін ретке келтіру, су жинайтын қондырғы айналасы бұзылуына байланысты, оны жөндеуден өткізу керектігі да айтылды. Зағамбар елді мекеніндегі ауыз суға арналған скважинада құрылыс жұмыстарын жүргізген мекемеге оны толықтай аяқтау қажеттігі, Ащы су қоймасын іске қосу шешімін күткен мәселелердің бірі болып табылады. Ауыл шаруашылық қажетті техникалар, жеңілдіктер бағамен берілетін жанар-жағармай, субсидия бойынша сұрақтар қойылды. Сондай-ақ, дәрігерлердің біліктілігі, аудан аумағынан өндіріс ошақтарын іске қосу, ауданның стратиегиялық даму жоспары, жастардың жұмыссыздығы, бағаның шарықтап, теңгенінің құнсыздану да кездесу барысында айтылды.
Кездесу барысында қойылған сұрақтарға аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы жауап беріп, әрбір мәселенің жауапсыз қалмайтынын, ол бойынша тиісті шаралар қолданатынын айтып, атқарылатын жұмыстармен таныстырып өтті.
Бұған қоса, зерделеуді қажет ететін проблемаларды аудан әкімінің орынбасарлары мен салалық бөлім басшыларына тапсырды.
Жиынды қорытындылап,   кездесу барысында айтылған ұсыныс – пікірлері бойынша арнайы іс-шаралар түзіліп, оның орындалу бақылауға алынатынын, әрбір сұрақ иесіне жауап жолданып, аудан әкімінің ресми сайтында жарияланатынын жеткіздім.

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, "AMANAT" партиясының мүшесі