06.05.2022

КАНАЛДАР ЖӨНДЕЛІП, СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕР КӨЛЕМІ ҰЛҒАЯДЫ

Су ресурсы – халықтың таусылмайтын өмірлік қазынасы болып саналса, ағын су -  ауылшаруашылық саласын дамытудың басты ресустарының бірі. Төлеби ауданы халқының негізгі күн көрісі ауылшаруашылық саласы екенін ескерсек, ағын су тапшылығы елді алаңдатып отырған ең өзекті  мәселелердің бірі .

Ауыл жағдайымен жақсы таныс «AMANAT» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында күрделі жөндеуді қажет ететін 5 каналдың жобасын қаржыландыру мәселесін шешу арқылы, 1100 га жерді жақсартуға (Айналма-Киелітас, Таш-қайнар, Қызыл ұзын-Қорған, Таш оң жақты-Тасарық, Р-3А-Оңтүстік);

➢ «Ақбастау» және «Қарақуыс» су қоймаларын қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру, қаржыландыру мәселесін шешуге;

➢ ауылдық округтер аумағындағы жайылымдар мен егістік жерлерді өзгерту арқылы суармалы жерді қосымша 700 га дейін ұлғайтуға (9754 қолда бары) уәде берді.

Сайлауалды уәделерді орындау бойынша Жол картасының индикаторларын орындау бағдарламасының 1,2 және 2,4 тармақтарына сәйкес, бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Атап айтар болсақ, 2021 жылы 22,3 шақырым канал қашыртқылар («Қыр, «Қошқарата», «Көксәйек», «Кент», «Таш», «Таш оң жақты», «Қара-Шора», «Аққұм» каналдарымен «Тағайна», «Ленгір» қашыртқысы жалпы 8 канал мен 2 қашыртқы механикалық тазаланып, «Ленгерка» өзенінің 2,0 шақырым жері механикалық тазалаудан өтті) механикалық тазаланып, қазылды. Одан өзге, Бірінші Мамыр елді мекеніндегі Атбұлақ каналының 5,0 шақырым лай-ұйыққа толған жеріне механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.

Кемеқалған ауыл округінде құны 1 млрд 123 млн теңге болатын, жер көлемі 13 гектарды құрайтын, сыйымдылығы 1040 мың м3. «Қарақуыс» су қоймасының жоба-сметалық құжаттамасының оң қорытындысы алынып, қаржыландыруға ұсынылды. 

Сонымен қатар, Кемеқалған ауыл округінде Ақбастау су тоғанының жоба-сметалық құжаттамасы демеушілер есебінен әзірленуде.

Нәтижесінде: Тоғандар іске қосылған жағдайда суармалы жер көлемі 350 гектарға ұлғайып, Абай елді мекенінің үй іргелік жерлері ағын толық сумен қамтылады.

Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, «AMANAT»  партиясының мүшесі