01.09.2016

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА ЖАҢА 5 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

    Жаңа оқу жылы қарсаңында Төлеби ауданына қарасты бес елдімекенде  мектепке баратын бала санының артуына байланысты, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы 800 орындықт бес метеп пайдалануға берілді.  

   Кемеқалған ауылдық округінде Әңгірата мен Қазығұрт бастауыш мектептерінің ашылу салтанатында аудандық мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров, облыстық депутаттары Д.Әбіш, және Ә.Қайыпбеков қатысты.

   Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай пайдалануға берілген білім ұяларының ашылу салтанатында  Аудан әкімі Бұхарбай Парманов барша ұстаздар мен оқушыларды жаңа білім күнімен құттықтады. Білім күні 150 орындық екі мектеп және 250 орындық үш мектептің есігі оқушыларға айқара ашылды. Облыстық бюджет есебінен 4 мектептің құрылысы қаржыландырылса, 1 мектептің құрылысы аудандық бюджет есебінен соғылды.  Жаңадан ашылған барша мектеп ғимараттары заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мәселен мұнда лингафондық кабинеттер, интерактивті тақталар, мультимедиялық құралдар, жаңа үлгідегі химия және биология кабинеттері оқушылардың сапалы білім алуына мүмкіндіктер туығызары хақ. Сондай-ақ, спорт залдары мен шеберханалар, мәдениет залдары оқушылардың өздері қалаған кез келген спорт пен өнердің түріне баулиды.