26.08.2016

Төлебиде дәстүрлі тамыз кеңесі өтті

               https://content.foto.my.mail.ru/mail/tolebi_mas/_cover/h-74.jpg2016 жылғы білім беру қызметкерлерінің аудандық тамыз кеңесі «Білімді ел – мәңгілік ел» тақырыбымен Леңгір қаласындағы №7 жалпы орта мектебінде болды. Тамыз кеңесіне келуші қонақтар алдымен мектеп алдында ұйымдастырылған оқу-әдістемелік көрмесімен танысты. Бүгінгі кеңес Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілді. Кеңесте білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы П.Асанов есептік баяндама жасады. П.Асанов «бір адам жүрсе – із, екі адам жүрсе – соқпақ, үш адам жүрсе – жол» деп, кез-келген мәселені көп болып, кеңесіп шешуге шақырды. Мазмұнды да мәнді баяндаманы жұрт ұйып тыңдады. Мектеп мұғалімдері алған жарыс сөздерде жетістіктер мен қоса кемшіліктерге де баса назар аударылды.    Дәстүрлі тамыз кеңесінде аудандық мәслихат хатшысы  Н.Қойбағаров, құттықтау сөз сөйлеп, педагог қызметкерлерді мерекемен құттықтап, білім саласында жоғары жетістікке жеткен бірқатар ұстаздарды мәслихаттың грамотасымен марапаттады. Кеңес соңында аудан әкімі Б.Парманов қорытынды сөз сөйледі және ауданымыздың облыс көлемінде нәтижелі шығармашылықпен еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаздарын облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, сонымен қатар білім беру мекемелерінің білімі мен тәрбие саласындағы көрсеткіштерінің рейтингі жарияланып, алдыңғы қатарлы мектептер марапатталды.