09.05.2022

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

«AMANAT» партиясының «ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫ: ӘР АЗАМАТҚА ЛАЙҚТЫ ӨМІР!» сайлауалды бағдарламасы аясында жасалған ЖОЛ КАРТАСЫ – партияның бағдарламасын іске асыру бойынша 5 жылға арналған НАҚТЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ.

Төлеби ауданы бойынша Жол картасының жүзеге асырылуын бақылау және мониторингілеу мақсатында партия филиалы жанынан Қоғамдық кеңестер жасақталып, төрағалары мен мүшелері бекітіліп, белгіленген шаралар мен сала бойынша нақты индикаторларға жауапты ретінде депутаттық фракция мүшелері белгіленген.

Білім беру саласына жауапты фракция мүшесі ретінде ауданымыздың сайлауалды бағдарламасындағы осы салаға тиісті индикаторлардың орындалуын бақылау мақсатында  Кемеқалған ауылдық округіне қарасты Ұйымшыл елді мекеніне депутат Феруза Қалтаева арнайы іс-сапармен барды. 

 Ұйымшыл шағын жинақты жалпы орта білім беретін мектебінің 200 орындық қосымша құрылысының (3,2,7 тармақ) жұмыс барысымен танысып, тиісті мәлімет алу мақсатында аталған білім ошағаның құрылысымен танысты. 

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатқан мектеп құрылысының бүгінде 60 пайызға жуық жұмысы жүргізілген.

Мектеп басшысы Төрехан Байдибеков құрылыс жұмысын күнделікті бақылайтынын, сәйкесінше, жұмыстың сапалы орындалып жатқандығын айтып, бой көтерген 2 қабат ғимараттың ішкі құрылысымен, округ әкімі Досымжан Дорибаевпен бірге жүріп таныстырды. Жұмысшы топтың бригадирі нысан жоспарға сәйкес, ағымдағы жылдың тамыз айында пайдалануға беріледі деп уәде берді.

Атына заты сай елді мекендегі келелі істер біздің назарымыздан тыс қалмайды.

Н.Қойбағаров,  Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, «AMANAT» партиясының мүшесі